Главная Новости QazaqGaz: геологиялық барлау, жаңа ГӨЗ және газдандырудың өсуі
29 октября 2026, 16:58 49

QazaqGaz: геологиялық барлау, жаңа ГӨЗ және газдандырудың өсуі

QazaqGaz: геологиялық барлау, жаңа ГӨЗ және газдандырудың өсуі

“QazaqGaz” ҰК” АҚ Басқарма төрағасы Әлібек Жамауов Energy Trends конференциясында сөз сөйлеп, компанияның негізгі жобалары туралы айтты. Атап айтсақ, геологиялық барлау мен газ өңдеу зауыттарын салудан бастап, газды есепке алуды цифрландыру, газдандыру деңгейін 80%- ға дейін жеткізу туралы ақпарат берді.

Мемлекет басшысының елдің энергетикалық қауіпсіздігін нығайту жөніндегі тапсырмасы шеңберінде QazaqGaz геологиялық барлауға ерекше назар аударады.

“Бүгінгі таңда компанияда 30 жер қойнауы учаскесі сақталған, олар бойынша стратегиялық серіктестерді тарту жұмыстары жүргізілуде. 13 учаске бойынша ауқымды сейсмикалық барлау және геохимиялық зерттеулер жоспарланған”, - деді Әлібек Жамауов.

Сондай-ақ, Қашағанда қуаттылығы жылына 1 млрд текше метр газды құрайтын ГӨЗ құрылысы жалғасуда. Іске қосылғаннан кейін компания жыл сайын шамамен 730 миллион текше метр тауарлық газ өндіре алады. Қашаған мен Қарашығанақта жаңа зауыттар салуға дайындық жүргізілуде. Aqyl Energy жобасы аясында QazaqGaz кезең-кезеңімен 1,3 миллионнан астам есептеу аспаптарын зияткерлік есептегіштерге ауыстырады.

Жыл соңына дейін 200 мыңнан астам құрылғы орнату жоспарлануда. Мобильді қосымшада есептерді автоматты түрде тану қолжетімді, әрі eGov-пен интеграцияланған. Мемлекет басшысы қойған міндет - Қазақстанды газдандыру деңгейін 80% - ға жеткізу. Әлібек Жамауовтың айтуынша, ағымдағы жылы 66 елді мекеннің тұрғындары газға қол жеткізді. Жыл соңына дейін тағы 69 елді мекенді газға қосу жоспарлануда.

Бүгінгі таңда 5 мың шақырымға жуық газ құбыры пайдалануға берілді, сондай-ақ газбен жабдықтау жүйесіне қосылу үшін 133 мыңнан астам техникалық шарт берілді.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: