Главная Новости QazaqGaz және Eni газды қайта өңдеу бағытында серіктестік орнату туралы талқылады
30 қаңтар 2023, 10:00 1357

QazaqGaz және Eni газды қайта өңдеу бағытында серіктестік орнату туралы талқылады

QazaqGaz және Eni газды қайта өңдеу бағытында серіктестік орнату туралы талқылады

«QazaqGaz» ҰК Басқарма төрағасы Санжар Жаркешов Eni компаниясының барлау және өндіру жөніндегі директоры Лука Виньятимен кездесті.

Тараптар еліміздің газ саласын реформалау аясында серіктестік орнату туралы сөйлесті. Сонымен қатар, оларды тауарлық газға белгіленген формуланың өзгеруі де қызықтырып отыр. Санжар Жаркешов инвесторлармен экономикалық тұрғыдан тиімді принципі арқылы жұмыс істеуге дайын екендігін жеткізді.

Оның айтуынша мұндай қадам инвестициядан бөлек, ішкі нарықты газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұдан басқа, QazaqGaz және Eni Қашағандағы газ өңдеу зауытының құрылысы аясында серіктестік орнату мүмкіндігін де талқылады.

Eni – италиялық ірі мұнай-газ компаниясы. Eni Қазақстанда 1992 жылдан бері жұмыс істейді. Негізгі қызметін Батыс-Қазақстан облысындағы Қарашығанақ және Солтүстік Каспийдің таяз суларындағы кен орнында жүргізеді. 

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: