Главная Новости QazaqGaz және KOР Маңғыстауда геологиялық барлау жүргізу туралы келісімге қол қойды
08 қараша 2024, 09:22 1604

QazaqGaz және KOР Маңғыстауда геологиялық барлау жүргізу туралы келісімге қол қойды

QazaqGaz және KOР Маңғыстауда геологиялық барлау жүргізу туралы келісімге қол қойды

«QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасының геологиялық барлау және перспективалық жобалар жөніндегі орынбасары Ұлан Бүркітов пен «КОР» ҰК» АҚ бас директоры Дәулет Ұзақов Маңғыстау облысындағы перспективалы Аққұдық учаскесінде бірлескен барлау жұмыстарын жүргізу туралы келісімге қол қойды.

Бұл ынтымақтастық Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында және «QazaqGaz» ҰК» АҚ-ның еліміздегі газдың ресурстық базасын ұлғайту стратегиясына сәйкес жүзеге асырылуда.

Аққұдық учаскесі Маңғыстау шөгінді бассейнінің газды аймағында орналасқан, ол жерден газ және газ конденсатты кен орындарын табу мүмкіндігі жоғары болып саналады.

«QazaqGaz» ҰК» АҚ геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу мақсатында Қазақстан Республикасының шөгінді бассейндерін талдау бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізеді.

Ұлттық газ компаниясы көмірсутегі шикізатын өндіру бойынша жер қойнауын пайдалану жобаларын бірлесіп жүзеге асыруда қазақстандық және халықаралық компаниялармен ынтымақтастыққа ашық.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: