Главная Новости QazaqGaz және Society of Petroleum Engineers серіктестікті нығайтуда
30 сәуір 2024, 09:10 376

QazaqGaz және Society of Petroleum Engineers серіктестікті нығайтуда

QazaqGaz және Society of Petroleum Engineers серіктестікті нығайтуда

«QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Санжар Жаркешов пен Society of Petroleum Engineers (SPE) президенті Оливье Хузе мұнай-газ саласы үшін кадрлар даярлау саласындағы серіктестік перспективаларын талқылады.

Бұл ретте тараптар QazaqGaz Ғылыми-техникалық орталығының қызметі аясында әріптестікті нығайтуға ниетті. Сонымен қатар, QazaqGaz-дың жас қызметкерлерін және QazaqGaz стипендиясының жеңімпаздарын еліміздің мұнай-газ саласының болашақ көшбасшыларын дамытуға арналған SPE тәлімгерлік бағдарламасына қатысуға тарту мәселесі қарастырылуда.

Айта кетейік, Санжар Жаркешов бірнеше жыл бойы халықаралық мұнай-газ өнеркәсібі инженерлер Қоғамының (SPE) өңірлік бөлімшелерін басқарды.

Естеріңізге сала кетейік, «QazaqGaz» ҰК» АҚ Сәтпаев Университетіндегі Қ.Тұрысов атындағы геология және мұнай-газ институтының, сонымен қатар ҚБТУ энергетика және мұнай-газ өнеркәсібі факультетінің студенттеріне атаулы стипендиясын тағайындаған болатын. Іріктеуге 110 студент қатысқан болатын.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: