Главная Новости QazaqGaz жылыту маусымын аяқтады
14 апреля 2026, 13:15 59

QazaqGaz жылыту маусымын аяқтады

QazaqGaz жылыту маусымын аяқтады

Қордың портфельдік компаниясы – QazaqGaz 2025–2026 жылдардағы жылыту маусымының алғашқы қорытындысын шығарды.
 

Күзгі-қысқы кезең апатсыз өтіп, тұтынушылар санының өсуіне қарамастан, компания тұрғындарды газбен тұрақты қамтамасыз етті. Жылыту маусымына кешенді дайындық газ инфрақұрылымының сенімді жұмысын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді: жөндеу және диагностика жұмыстары жүргізілді, сондай-ақ апаттық қызметтердің дайындығы қамтамасыз етілді.

Атап айтқанда, магистральдық газ құбырларында шамамен 8 мың құбыр секциясы жөнделді. Ең жоғары жүктеме кезеңінде компания жерасты газ қоймаларын пайдаланды. Жылыту маусымы кезінде олардан шамамен 2,4 млрд текше метр газ алынған. Осылайша, жылыту маусымы қалыпты режимде аяқталуға жақын. Оңтүстік өңірлерде газбен жабдықтау жүйелері жазғы жұмыс форматына көшіріле бастады.

Сонымен қатар, QazaqGaz келесі маусымға дайындықты бастап та кетті: компания инфрақұрылымды жаңғыртып, тұтынушыларға газды қауіпсіз пайдалану туралы ақпарат тарату жұмыстарын күшейтуде.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: