Главная Новости QazaqGaz жылыту маусымының тұрақты өтуін қамтамасыз етуде
01 апреля 2025, 12:57 2071

QazaqGaz жылыту маусымының тұрақты өтуін қамтамасыз етуде

QazaqGaz жылыту маусымының тұрақты өтуін қамтамасыз етуде

QazaqGaz-дың еншілес ұйымы - «QazaqGaz Aimaq» 2024-2025ж.ж.,жылыту маусымында газды тұтыну көлемінің артқанына  қарамастан, тұтынушыларды газбен үздіксіз қамтамасыз етуде.

Биыл компания еншісіндегі 72 мың шақырымды құрайтын газ желілерінде ірі апаттар тіркелген жоқ. Апаттық-диспетчерлік қызмет жылыту маусымында жедел жұмысты қамтамасыз етіп отырды. Биылғы жылыту маусымында абоненттерден 80 мың өтінім түскен.

Елімізде табиғи газға деген сұраныс жылдан жылға өсіп келеді. 2024 жылы ең жоғары тұтыну сағатына 3,4 млн текше метрге жетті, бұл 2023 жылғы деңгейден (3,2 млн текше метр) асып түсті. Қазақстандықтар орта есеппен тәулігіне 82 млн текше метр газ пайдаланды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 5%-ға артық. 

Сонымен қатар, компания тұтынушылардың газды қауіпсіз пайдалануы бойынша іс-шараларды күшейтті, 1 300-ден астам рейдтер ұйымдастырылды. Дайындық кезеңінде QazaqGaz инфрақұрылымды күзгі-қысқы маусымға кешенді дайындауды, оның ішінде негізгі нысандарды жөндеу мен күтіп ұстауды жүзеге асырды. Су тасқынына қарсы бекітілген жоспар да орындалуда. Ұлттық компания қауіпсіздік шараларын ескере отырып, халықты газбен үздіксіз қамтамасыз ету стратегиясын жүзеге асыруды жалғастырады.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: