Главная Новости QazaqGaz ғылыми-техникалық орталық құрады
03 қазан 2022, 12:25 1118

QazaqGaz ғылыми-техникалық орталық құрады

QazaqGaz ғылыми-техникалық орталық құрады

ҒТО міндеттеріне ғылымды коммерцияландыру, инжиниринг орталығын дамыту, газ саласындағы халықаралық көшбасшыларға сервистік қызмет көрсету мен жөндеуді локализациялау, отандық машина жасауды қолдау, сондай-ақ отандық мамандарды кәсіби даярлау және қайта даярлау кіреді.

«QazaqGaz ҒТО» ғылыми-техникалық орталығын құру жолында жұмыс істеп жатырмыз. Ол қолда бар оқу комбинаттары мен инженерлік-техникалық орталықтар негізінде ашылады. ҒТО еліміздің жетекші техникалық оқу орындары, халықаралық газ компанияларымен тығыз қарым-қатынас орнатады. Кейбір трансұлттық компаниялар бірлесіп жұмыс істеуге қызығушылық танытып отыр», – деді QazaqGaz басқарма төрағасы Санжар Жаркешов.

Айта кетейік, бұған дейін компания Сәтбаев университетімен және ҚБТУ-мен өзара түсіністік туралы меморандумдарға қол қойған болатын. Ұлттық компания газ саласы үшін жас мамандарды дайындауды көздеп отыр. Енді мұнай-газ факультеттерінде білім алғысы келетіндер ұлттық компанияның шәкіртақысына құжат тапсыра алады.

Сонымен қатар, QazaqGaz студенттерді тағылымдамадан өтуге шақырады. Үздік студенттерге өндіріс орындарында жұмысқа орналасуға көмек көрсетіледі. Компанияның миссиясы – ғылымды, инновацияны және өндірісті біріктіру. Профессорлардың, оқытушылардың және мамандардың соңғы технологиялық әзірлемелерін жұмыста қолдану, сондай-ақ газ саласындағы қазақстандық ғылымды коммерцияландыруды дамыту жоспарланып отыр.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: