Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Санкт-Петербург халықаралық экономикалық форумы аясында «QazaqGaz» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Санжар Жаркешов пен «Газпром» ААҚ Басқарма төрағасы Алексей Миллер ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Құжатқа сәйкес, тараптар Орынбор газ өңдеу зауытындағы қазақстандық газдың өңдеу көлемін жылына 11 млрд м3 дейін арттырады.
Аталған шара ішкі нарыққа тауарлық газ көлемін жеткізуді жылына 1,7 млрд м3 дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Өз кезегінде, бұл қазақстандық тарапқа сұйық көмірсутек өндірісін арттыруға ықпал етеді.
Сонымен қатар, «ҚазРосГаз» ЖШС және «Газпром переработка» ЖШҚ арасында 2022-2023 жылдары қазақстандық газды өңдеу бойынша келісім-шарт жасалды. Жекелей алсақ, 2022 жылы бұрын жоспарланған 8,1 млрд м3 көлемге қосымша 0,57 млрд м3, 2023 жылы - 2022 жылдың бастапқы деңгейіне қосымша 1,23 млрд м3 газды өңдеу көзделген.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!