Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«QazaqGaz» ұлттық компаниясында газ инфрақұрылымын 2022-2023 күзгі-қысқы жылыту мерзіміне дайындау жұмыстары жалғасып жатыр. «QazaqGaz» басқарма төрағасы Санжар Жаркешовтің айтуынша, кешенді шаралар жоспарын жүзеге асыру ағымдағы жылдың мамырында басталды.
«Биыл біз дайындық жұмыстарын мамырда бастап кеттік, ондағы мақсат – жоспарды асыра орындап, жылыту маусымына тас түйін дайын болу. Күз, қыс мезгілдерінің жайлы өтуі осы жұмыстардың дәл уақытында орындалуына тікелей байланысты», - деп атап өтті QazaqGaz басқарма төрағасы Санжар Жаркешов.
Бүгінде жоспарды асыра орындап жатқан үздік үштікті атап өтуге болады: Қызылорда (81%), Талдықорған (77%) және Алматы (70%). Басқа өңірлер де орта жолдан асып жығылды.

Егер жалпы жоспар туралы айтар болсақ, оның орындалуы 60% асып кетті. Газ құбырларының жартысынан астамы аспаптық диагностика арқылы тексеріліп, газ тарату пункттеріне ағымдағы жөндеу жүргізілді. Жалпы, негізгі дайындық шараларына техникалық жұмыстардың 21 түрі кіреді: құбырлардың бүтіндігін тексеру, жерасты және жер үсті желілерді жөндеу, газ құбырларындағы жабдықтың жай-күйін тексеру және ауыстыру. Бұдан басқа, жер асты газ құбырларының электр химиялық қорғаныс тиімділігі тексерілуде.
Осы жұмыстар аяқталғаннан кейін, ҚазТрансГаз Аймақтың барлық абоненттері алдағы жылыту маусымында газды еш қиындықсыз пайдалана алады. Бұл шамамен 11 миллион тұрғын және 55 мың кәсіпорынды құрайды.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
133
08 декабря 15:39
Сотрудник АлЭС выиграл квартиру в финале проекта «Ең мықты»