Главная Новости QazCloud өзінің жеке дата-орталығын іске қосты
07 қазан 2021, 14:07 1288

QazCloud өзінің жеке дата-орталығын іске қосты

QazCloud өзінің жеке дата-орталығын іске қосты

Қазақстандық инфрақұрылым провайдері «QazCloud» ЖШС «Самұрық-Қазына» тобындағы компаниялардың барлық ақпараттық жүйелерінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ететін және Қордың еншілес компаниясы «Қазақтелеком» АҚ-ның өз тұтынушыларына қызмет көрсету көлемін едәуір кеңейтуге мүмкіндік беретін деректерді өңдеу орталығын іске қосты.

Дата-орталығының ашылу салтанатына «Самұрық-Қазына» қорының басшысы Алмасадам Сәтқалиев пен «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев қатысты.

Жаңа деректерді өңдеу орталығының технологиялық ерекшеліктері – қызмет көрсету сапасын арттыра отырып, дата-орталығының инфрақұрылымында болуы ықтимал ақаулардың алдын-алуға көмектеседі. Сонымен қатар жоспарлы техникалық қызмет көрсету немесе профилактикалық қызмет көрсету үшін дата-орталықта жүйелерді толығымен өшірудің қажеті болмайды, яғни қор компаниялары дата-орталығының кейбір жабдықтары өшірілген жағдайда да өз деректерімен емін-еркін жұмыс жасай алады.

«Бұл мемлекеттік органдар мен ірі компанияларға өз серверлері мен үлкен деректерін орналастыруға мол мүмкіндік беретін және бұлтты қызмет көрсететін ірі инфрақұрылымдық жоба әрі технологиялық прогресс. Біз Самұрық-Қазына қорымен бірлескен  компаниямыз QazCloud-қа арқылы дата-орталықтардың одан әрі дамуына инвестиция салуды жалғастырамыз. Деректерді сақтау және өңдеу нарығы тез өсуде және дата орталықтарына сұраныс артады, біз компания ретінде осы қажеттілікті өтеуге тырысамыз», – деді «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев.

QazCloud Деректерді өңдеу орталығы Ақмола облысы Қосшы қаласында (Нұр-Сұлтаннан 20 шақырым жерде) орналасқан, объектінің жалпы ауданы 259 шаршы метр, жабдықтар бөлмесінде 100 тірек бар. Модульдік дата-орталығы Tier II деңгейіндегі деректер орталығының сенімділігі сертификатына сәйкес жасалған. Оның және бір артықшылығы, ол  99,749% деңгейінде деректерді өңдеу орталығының жұмысқа қабілетін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін барлық қызмет көрсету жүйелерінің үздіксіз жұмысына кепілдік береді.

«Осы дата-орталығының арқасында біз Қазақстанда алғаш рет метрокластерін құра аламыз – бұл дегеніміз бір мезетте сіз екі дата -орталықта белсенді резерв жасай аласыз, ал егер олардың біреуі істен шықса, барлық ақпарат автоматты түрде басқа резервте жұмыс істей береді және бірден қол жетімді болады. Бұл деректердің жоғалу қаупін жояды. Осы факторды ескере отырып, біздің деректер орталығына бірнеше клиенттер келіп үлгерді, ал жылдың соңына қарай біз басқа деректер орталықтарынан 50 -ге жуық тұтынушыны осы орталыққа ауыстыруды жоспарлап отырмыз», – дейді QazCloud ЖШС бас директоры Қасым Есергепов.

Жаңа деректерді өңдеу орталығында үздіксіз электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету үшін (N+1) схемасы бойынша дизельді генератормен бірге динамикалық үздіксіз қуат көздеріне негізделген жүйе орнатылды. Айта кету керек, бұл Қазақстан үшін бірегей шешім болып табылады. Деректер орталығының қауіпсіздігін қарулы күзетшілер, аумақтың бүкіл периметрі бойынша рұқсат етілмеген жүрістерге қарсы көп деңгейлі бақылау жүйесі, Face ID және бейнебақылау жүйесі кіруді басқару және бақылау жүйесімен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар, көліктердің қасақана енуіне жол бермейтін механикалық және гео-тосқауыл жүйелері орнатылған.

Жаңа деректерді өңдеу орталығында QazCloud клиенттері бұлтты және сервистік қызметтерді, резервтік көшіру мен жедел көшірме қызметтерін ала алады. Өз кезегінде «Самұрық-Қазына» тобының компанияларының контрагенттері мен клиенттері жылдам және үздіксіз қызмет көрсету кепілдіктерін алады, өйткені жаңа дата-орталығының арқасында цифрлық форматқа көшірілген бұл құрылымдардың бизнес-процестеріне кететін уақыт айтарлықтай қысқарады.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: