Главная Новости QID қауымдастығы «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі Дамир Суентаевты марапаттады
05 декабря 2025, 17:59 46

QID қауымдастығы «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі Дамир Суентаевты марапаттады

QID қауымдастығы «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі Дамир Суентаевты марапаттады

QID қауымдастығының форсайт-сессиясында «KEGOC» АҚ-ның тәуелсіз директоры Дамир Суентаев беделді марапатқа ие болды.

Астанада корпоративтік басқару саласындағы еліміздің алдыңғы қатарлы сарапшыларын біріктірген Qazaq Independent Directors (QID) қауымдастығының форсайт-сессиясы өтті. Шара аясында корпоративтік басқарудың ұлттық экожүйесін дамыту, директорлар кеңестерінің жұмысын жетілдіру, тәуелсіз директорлардың рөлін күшейту мәселелері талқыланды.

Сессия барысында «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор Дамир Серікбайұлы Суентаев тәуелсіз директорлар арасындағы кәсіби жетістіктерді мойындауға арналған беделді Independent Non-Executive Director Recognition марапатына ие болды. Бұл марапат корпоративтік басқару саласындағы жоғары кәсіби талаптарға сай келетін және компания басқару тәжірибесін үздік халықаралық стандарттарға бағыттап отырған мамандарға табысталады.

Жоғары марапат Дамир Серікбайұлының корпоративтік басқаруды дамытуға қосқан елеулі үлесін, оның ішінде:

  • компания қызметінде ашықтық, әділдік және жауапкершілік қағидаттарын нығайтуға жетекшілік еткенін;
  • трансформация және тұрақты даму бағыттарында жүйелі шешімдер қабылдауға атсалысқанын;
  • корпоративтік мәдениетті халықаралық тәжірибеге сәйкестендіру бойынша белсенді жұмыс жүргізгенін айқын көрсетеді.

«KEGOC» АҚ ұжымы Дамир Серікбайұлын құрметті марапатымен құттықтайды.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: