Главная Новости Рауан Кенжеханұлы: «Жарқын Болашақ» жаңаөзендік жүздеген жеткіншектің жолын ашты
24 шілде 2024, 12:23 562

Рауан Кенжеханұлы: «Жарқын Болашақ» жаңаөзендік жүздеген жеткіншектің жолын ашты

Рауан Кенжеханұлы: «Жарқын Болашақ»  жаңаөзендік жүздеген жеткіншектің жолын ашты

Еліміздің экономикалық дамуы үшін жұмыссыздық деңгейі төмендеп, білім сапасы жоғары болу керек екені белгілі. Әсіресе аймақтарды, соның ішінде бір саланың өндірісі төңірегіне шоғырланған моноқалалардың әлеуетін көтеру аса маңызды. Осы орайда «ҚазМұнайГаз» ҰҚ» АҚ қолдауымен Маңғыстау өңірі мен Жаңаөзен жастары үшін іске асырылып жатқан «Жарқын Болашақ» бағдарламасының орны бөлек.

«Bilim Media Group» компаниясының басшысы Рауан Кенжехан «Жарқын Болашақ» бағдарламасы туралы ой бөлісті.

Бұл жобаның мақсаты мен ерекшелігі неде?

– Жаңаөзен қаласының Қазақстаның жаңа тарихында ерекше орын алатыны баршаға мәлім. Қазір бұл қалада тек ресми дерек бойынша 160 мыңнан аса халық тұрады. Халық саны күн санап өсіп келеді. Сонымен қатар, мектеп инфрақұрылымының жетіспеуі, кейбір маңызды пәндерді оқытатын жоғары білікті мамандардың тапшылығы салдарынан Жаңаөзен қаласындағы білім беру сапасы да ақсап тұрғаны белгілі. Қазақстандық және халықаралық білім сапасын анықтайтын зерттеулер нәтижесінде соңғы жылдары Маңғыстау облысы, соның ішінде Жаңаөзен қаласының білім деңгейі ұдайы кенже қалып келгені анықталды.

Осы жағдайды ескере келе, мұнай өндірісі саласының төңірегіне шоғырланған өңірдің өскелең ұрпағының білім сапасын арттыру және қала мен Маңғыстау облысы жасөспірімдерінің әртүрлі заманауи мамандық алуына жағдай жасайтын арнайы бағдарлама жасалды. Осы «Жарқын Болашақ» деп аталатын гранттық ілім беру бағдарламасының бас демеушісі «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы.

Бағдарлама аясында, Жаңаөзен қаласы мен Маңғыстау облысының бірнеше аудандарының жоғары сынып оқушылары еліміздің түрлі аймақтарындағы іріктеулі оқу орындарында білім алып жатыр ҚМГ Бағдарламасына қатысатын балалардың оқу ақысы, жолы жүру шығыны, жатаханасы мен жоғарылатылған шәкіртақысы төленіп, тіпті қосымша білім алу мүмкіндіктері де қарастырылған. Бүгінгі күні оқуды аяқтаған түлектерге ҚМГ тарапынан жұмысқа орналасуға да көмек көрсетіліп, әлеуметтік тұрғыдан бейімделуге қолдау жасалуда.                    

Бағдарламаға қанша бала қатысып жатыр, олар қай өңірдің оқушылары?

– Қазір 674 оқушы Қазақстанның 11 өңіріндегі 56 білім беру ұйымында білімін жетілдіріп, ауыз толтырып айтарлық жетістіктерге жетіп жатыр. Келер оқу жылындағы Бағдарламаға қатысатын оқушылардың жалпы саны мыңнан асады.

Бұған дейін бағдарламаға Жаңаөзен қаласымен бірге Маңғыстау, облысының Түпқараған, Маңғыстау, Қарақия аудандарының 12-22 жас аралығындағы жастары ғана қатыса, биылғы оқу жылында  Маңғыстау облысының Бейнеу, Мұнайлы аудандарының өрендеріне де осы мүмкіндік берілді. Атап айтсақ, 15 жастан бастап балаларымыз үздік техникалық және кәсіптік білім беретінколледждерге, 12 жастағы жас жеткіншектеріміз еліміздегі маңдай алды мектеп-интернаттарға түсе алады. 2024-2025 оқу жылына 730 өтініш келіп түсті.

Оқу орындарын оқушылар өздері таңдай ала ма?

– Иә, оқушылар 11 өңірде орналасқан 56 оқу орнынан таңдау мүмкіндігі берілген. Ол үшін ереже бойынша арнайы емтихан тапсырып, тиісті баллжинау қажет. Өнер бағытын таңдаған талапкерлер шығармашылық емтиханнан өтеді. Медицина және педогогика саласындағы оқу орындарына талап ерекше жоғары және оқу қиын екендігі мәлім.

ҚМГ грант иегері атанып, оқуға түскеннен кейін балаларға тағы қандай мүмкіндіктер жасалған?  

– Грант иегерлеріне Бағдарлама үйлестірушілері толығымен ақпараттық, логистикалық және психологиялық қолдау көрсетіп отырады. Олармен үнемі байланыста болып, бағыт-бағдар береді. ҚМГ Бағдарламасынң аясында білім ордасындағы оқушының оқу ақысы төленеді, колледжде оқитындарға жоғарылатылған шәкіртақы тағайындалады, оқу демалысындағы жүріп-тұруына жол шығындары өтеледі. Студенттердің уақытын тиімді әрі белсенді ұйымдастыру үшін көптеген пайдалы, жан-жақты тұлғалық дамуға бағытталған іс-шаралар ұйымдастырылады.

Оқушының оқу орнындағы үлгеріміне талдау жасала ма?

– Әрине. Бағдарламаға қатысатын оқушылардың оқу үлгерімі, тұлғалық жеке дамуы, денсаулығы, психологиялық ахуалы ұдайы бақылауда болады. Алыстан келген, шетке шығып үйренбеген ауыл баласының адаптациясы еліміздегі жетекші білім ордаларындағы ең озық оқушылармен бірге оқып, қатар жүргенде тез ара түзеледі.   Оған тәрбиелі  де білімді орта әлбетте жағымды әсер етеді.  Грант иегерлерінің оқу үдерісіндегі үлгерім нәтижелерін салыстырып, оқу жылындағы өзгерістерді әрдайым бақылаймыз. Өз бетінше ойлана білу қабілетін дамытып, әр тақырып аясындағы терең түсінік қалыптастыру дағдыларын да орнықтыруғатырысамыз.

Мәселен, 2023-2024 оқу жылында колледжде оқитын студенттердің I-ІІ семестрдегі оқу үлгерімдерінің орташа көрсеткіштерін салыстырғанда, оқу жылының соңында 2,65%-ға өскен. Мектеп-интернаттарда білім алып жатқан оқушылардың I-IV тоқсан аралығындағы оқу үлгерімінің орташа көрсеткіші 4,9% өсімге жетті.

Оқуын аяқтағаннан кейін түлектерге қандай көмек көрсетіледі? 

– Былтыр бағдарламаны екі түлек бітірді. Қазір олар теміржол саласында жұмыс істеп жүр. Биыл оқу орнын аяқтайтын 118 түлектің  36-ы студент, 82-і оқушы.   1 түлек Алтын белгімен бітірсе, 6-ы қызыл аттестат, 5-і колледжде қызыл диплом алды. Бұл батыстан келген оқушылардың білім деңгейіндегі айтарлықтай жетістік.

Бағдарлама аясындағы білім алушылардың Ұлттық бірыңғай тестілеудегі орташа көрсеткіші Маңғыстау облысындағы оқушылардың деңгейінен 12,3 балға жоғары екені анықталды.

Сапалы да терең білім алған түлектер армандаған жоғары оқу орнына түсіп жатыр.  Оқуын өндіріспен ұштастыра отырып дайындықтан өткен студенттер маман ретінде қалыптасып, еңбек нарығына уақтылы қосылуда.

Грант иегерлері жақсы нәтижеге жетіп отыр екен. Олардың жұмысқа орналасуына қолдау көрсету сұрағына не айтасыз ?

– ҚазМұнайГаздағы Бағдарлама кураторы Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі Техникалық және кәсіптік білім департаментімен бірлесепысықтай отырып колледждің өндірістік оқыту әдістемесінің барлық талаптарын меңгеріп бітірген студенттердің өз кәсібін тауып, жұмысқа орналасуына жәрдемдеседі. ҚМГ тапсырмасымен еліміздің 10 өңіріндегі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойдық. Үйлестірушілер бітірген түлектерге бағыт-бағдар көрсетеді. Ал жұмысқа орналасу туралы шешімді түлектер өзі бетінше қабылдайды. Бірақ оларды жұмысқа тұрғанға дейінгі қолдау, бағыттау біздің міндетімізге жатады.  

Маңғыстау облысы оқушыларының білім алуына, дамуына, өмірде тура жол табуына барлық жағдайды жасап отырған ҚазМұнайГаздың «Жарқын Болашақ» гранттық білім беру бағдарламасы алғыс жаудыруға әдбен лайық екен. Бағдарлама болашақта да жалғасын табатынына сенімдіміз.

Сұхбат бергеніңізге рақмет!

«ҚазМұнайГаз» АҚ баспасөз қызметі

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: