Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Қазақстанда 10 013 референдум учаскесі іске қосылады.
Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров мәлім етті, деп хабарлады ҚазАқпарат агенттігі.
«Бүгін біз республикалық референдумды әзірлеудің маңызды мәселелерін қарастырдық. Осылайша, референдумды ұйымдастыру мен өткізу жөніндегі науқан жаңа кезеңге аяқ басты. Учаскелік референдум комиссиялары жұмысқа толығымен кірісті. Тыңдалған есептерге сүйенсек, нақты жұмыстар жүргізілді. Жалпы, 10 013 референдум учаскесі іске қосылады», – деді Нұрлан Әбдіров.
Осы орайда ОСК төрағасы аталған учаскелерде дауыс беру үшін барлық жағдай жасауды тапсырды.
«Республикалық референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың тізіміне тоқталсақ, 15 мамырдағы ақпарат бойынша бұл тізімде 11 млн 722 мың 536 адам енгізілген. Жергілікті атқарушы органдар учаскелердің дауыс беру күніне дайындық мәселелерін бақылауда ұстауы қажет. Мүгедектігі бар адамдар үшін барлық жағдайды қамтамасыз ету бағытында қажетті іс-шараларды жүзеге асыруға назарларыңызды аударамын. Осы орайда оларға ыңғайлы болуы үшін инвотакси тарту мәселелері және басқа да қадамдар қосымша пысықталсын», – деді Нұрлан Әбдіров.
Референдумда 11 өңір халқы жақтап дауыс берсе, Конституцияға өзгеріс енгізіледі.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!