Главная Новости Ресей мен Қытай Амур өзені үстінен теміржол көпірін салды
21 қараша 2022, 14:10 2281

Ресей мен Қытай Амур өзені үстінен теміржол көпірін салды

Ресей мен Қытай Амур өзені үстінен теміржол көпірін салды

Екі елдің шекарасындағы Амур өзені үстін салынған тұңғыш теміржол көпірі іске қосылды. Көпір Ресейдің Еврей автономиялы облысы мен ҚХР-дің Тунцзян елдімекенін жалғайды, деп хабарлады Rail-news.kz.

Көпірдің іске қосылуы барысында Ресейден Қытайға қарай алғашқы құрам жүріп өтті.

Көпір құрылысы 2008 жылы Ресей Федерациясы мен Қытай Халық Республикасы үкіметтері арасында жасалған келісім аясында жүзеге асырылды.

«Нижнеленинское — Тунцзян» бағытындағы бұл теміржол көпірінің ұзындығы 2,2 шақырымға созылған.  Көпір пойыздардың кезектесіп өтуіне арналған, яғни ені екі түрлі стандарттағы пойыздар өте алады. Мәселен, Ресей пойыздарының ені – 1520 мм болса, Қытай пойыздарының ені – 1435 мм. Көпір өткелі жылына 20 миллион тоннаға дейін жүкті өткізуге қабілетті.

Жаңа көпірдің іске қосылуымен екі ел арасындағы жүк тасымал бағыты 700 шақырымға дейін қысқарған.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: