Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Сенат Ресей мұнайын Қазақстан аумағы арқылы Қытайға тасымалдауды реттейтін үкіметаралық келісім туралы заңды мақұлдады.
Құжатты әріптестеріне Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің төрағасы Сүйіндік Алдашев таныстырды.
«Аталған хаттамаға сәйкес Ресей мұнайын Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Қытай Халық Республикасына тасымалдау жөніндегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы 2013 жылғы жасалған келісімнің қолдану мерзімін 2034 жылға дейін ұзарту және де мұнай транзитінің көлемін, тарифті өзектендіру мәселелеріне қатысты келісімге өзгерістер енгізу көзделеді.
2023 жылдың ақпанында Ресей тарапы (Роснефть) 10 жылдық кезеңге 100 млн тонна жеткізу туралы Қытай тарапымен (СПНС) келісімін ұзартып, қол қойды. Осыған байланысты, 2023 жылдың маусымында Санкт-Петербург қаласында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы екіжақты келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қойылды. Хаттамада мұнай транзитінің көлемін және тарифті өзектендіру мәселелеріне қатысты келісімге өзгерістер енгізу көзделеді», - деді депутат.
Ол өзгерістердің негізлері төмендегідей:
«Бұл ретте Қазақстан тарапы Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес қосылған құн салығын қайтару мақсаты үшін мұнайды тасымалдау бағыты бойынша тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді халықаралық тасымал ретінде қарастырады», - деді Сүйіндік Алдашев.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
254
13 марта 17:18
Компании группы АО «Самрук-Қазына» удостоились ряда наград Казахстанской фондовой биржи