Главная Новости Республика күні қарсаңында «ҚТЖ» АҚ-ның мыңнан астам қызметкері марапатталды
24 қазан 2023, 15:35 1658

Республика күні қарсаңында «ҚТЖ» АҚ-ның мыңнан астам қызметкері марапатталды

Республика күні қарсаңында «ҚТЖ» АҚ-ның мыңнан астам қызметкері марапатталды

Республика күні қарсаңында еліміздің теміржол көлігі қызметкерлері саланың дамуына ерекше үлес қосқаны үшін түрлі наградалармен марапатталды.

Жалпы, биыл компанияның 1000 астам қызметкері арасында 17 адам мемлекеттік наградалармен, соның ішінде «Құрмет», III дәрежелі «Еңбек Даңқы» ордендерімен, «Ерен еңбегі үшін», «Шапағат» медальдарымен марапатталды.

Сонымен қатар, теміржолшыларға салтанатты түрде «Адал еңбегі үшін» белгілері, «Самұрық-Қазына» АҚ-ның, компания басшылығының құрмет грамоталары мен алғыс хаттары табысталды. Маңыздысы сол, биыл екі жаңа марапат – «ҚТЖ» ҰК» АҚ дамуына қосқан ерекше үлесі үшін» және «Ерлігі үшін» төсбелгілерінің табысталуы.

Марапатталғандар қатарында әр түрлі теміржол кәсіптерінің адамдары – машинист-нұсқаушы, пойыз құрастырушы, жол шебері, көпір жолының шебері, жолсерік, сала зейнеткері және басқалар бар. Сондай-ақ, «ҚТЖ» ҰК» АҚ барлық қызметкерлеріне 1 ЕТЖМ мөлшерінде біржолғы сыйлықақы төленетін болады.

Мереке кезінде алғыс сөздерімен компанияның әрбір қызметкерінің қосқан үлесі атап өтіледі. Салалық және мемлекеттік міндеттерді табысты іске асыру бірлескен еңбектің нәтижесінде мүмкін болды.

Компания Тәуелсіздік жылдарында жүк айналымы бойынша рекордтық көрсеткіштерден асып түсті, контейнерлік транзит өсуде. Ауқымды инфрақұрылымдық жобалар жүргізілуде, жаңа жолдардың құрылысы басталды. Локомотив паркін жедел жаңарту жүріп жатыр.

Салтанатты жиын дәстүрлі түрде өз әріптестеріне ҚТЖ-ның дарынды қызметкерлері дайындаған мерекелік концертпен аяқталды.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: