Главная Новости Республикалық жастар форумы еліміздің таланты 250 жас теміржолшыны жинады
20 желтоқсан 2023, 08:39 1246

Республикалық жастар форумы еліміздің таланты 250 жас теміржолшыны жинады

Республикалық жастар форумы еліміздің таланты 250 жас теміржолшыны жинады

Елордада «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның ХІІ республикалық жастар форумының салтанатты ашылуы өтіп, оған еліміздің барлық өңірлерінен ең белсенді және талантты деген 250 қатысушы жиналды. Бұл–жылдың басты жастар оқиғасы.

Ауқымды іс-шараны дәстүрлі түрде «ҚТЖ» ҰК» АҚ әлеуметтік саясат департаменті ұйымдастырды. Ұйымдастырушылар атап өткендей, форумның негізгі міндеттері–жас қызметкерлердің зияткерлік әлеуетін шоғырландыру, оларды басым міндеттерді шешуге тарту, сондай-ақ кәсіби, әлеуметтік және мәдени байланыстарды нығайту.

Ресми ашылу салтанатында сөз сөйлеген Ұлттық компания аппаратының басшысы Серік Кеулімжаев өзгерістердің болашақ көшбасшылары жастар екенін, олардың құзыреті мен біліктілігін арттыру кадрлық, техникалық саясаттың және тұтастай алғанда компанияның даму стратегиясының құрамдас бөлігі болып табылатынын атап өтті.

ХІІ республикалық жастар форумына «ҚТЖ-ның 100 жас есімі» жобасының жеңімпаздары, «Жас үздік маман» кәсіби байқауының финалистері, «Корпоративтік волонтерлік мектебі» жобасының еріктілері, жастар істері жөніндегі кеңестің өңірлік өкілдері, Логистика және көлік академиясының студенттері, «Қазпошта» АҚ, Әлеуметтік өзара іс-қимыл және коммуникациялар орталығының, «QazaqGaz» ҰК" АҚ белсенділері қатысты.

Форум бағдарламасы әрқашан форумға бірінші рет келгендер үшін де, тұрақты қатысушылар үшін де барынша пайдалы білім әкелетіндей етіп құрылған. Биылғы жұмыстың негізгі форматы компания стратегиясын бірлесіп талқылау, «Жастардың ESG-мәдениетін дамытуға әсері» панельдік талқылауы, «Тиімділікті басқару», «Көпшілік алдында сөйлеу», «Экологиялық қарым-қатынас», «Ішкі коммуникациялар» және т.б. тақырыптар бойынша тренингтер болады.

Қатысушыларды үш қарқынды жұмыс күні, қарым-қатынас, білім алу, шығармашылық және жаңа таныстар табу ктеді, сондай-ақ прогрессивті ойлайтын қызметкерлердің жаңа есімдері ашылып, олар болашақ мансаптық өсуінің және компания өркендеуінің бастамасы болады.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: