Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Президенттікке үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевтың республикалық қоғамдық штабының мүшелері Маңғыстау облысының мұнай-газ саласы қызметкерлерімен кездесті. Олардың қатарында «Қаражанбасмұнай» АҚ басқармасы бастаған компания жұмысшылары да бар.
Кездесу барысында штаб басшысы Ерлан Қошанов, Парламент Сенаты мен Мәжіліс депутаттары, сондай-ақ «ҚазМұнайГаз»ҰК» АҚ Басқарма төрағасының барлау және өндіру жөніндегі орынбасары – Ақтау қаласындағы ҚМГ өкілдігінің басшысы Құрманғазы Есқазиев сайлаушыларға кандидаттың сайлауалды бағдарламасындағы негізгі басымдықтар туралы айтып берді.
Өз кезегінде мұнайшылар өндіріс көлемі артқан сайын қара алтын қорларының азайып бара жатқанын алға тартып, өңірдің энергетикалық болашағына қатысты бірқатар мәселелер көтерді. Оған қоса қатысушылар халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғаудың маңызды мәселе екенін атап өтті.

Осыған орай, Қасым-Жомарт Тоқаевтың жақтастары мұнай-газ секторының болашағына тоқталып, сайлауалды бағдарламада көрсетілген қауіпсіз еңбек ортасын құру және қызметкерлер құқығын қорғау шаралары туралы айтты. Оған қоса, еңбек мәселелерін барлық тараптардың пікірі мен ұсыныстарын ескере отырып, заң аясында шешу маңызы атап өтілді.
Сондықтан штаб мүшелері мұнайшылардың әділ және дамушы мемлекет қағидаттарын құру жолындағы жауапты шешім қабылданатын ауқымды шараға қатысуының ерекше маңыздылығын атап өтті.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
68
12 декабря 13:01
АО «Самрук-Қазына» снова в числе лидеров нефинансовой отчетности
77
11 декабря 22:17
Кто работает на ПНХЗ: прибористы