Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ ұйымдастырған жас мамандар челленджінің үздіктері түркі әлемінің астанасында бас қосты. «Жас Самұрық» шарасында Қорға қарасты компаниялар тобынан 2 мыңға тарта үміткер бақ сынады. Оларға 10 күн бойы физикалық, эмоционалдық және зияткерлік бағыттар бойынша жеке тапсырмалар беріліп, сәтті орындаған 200-ге жуық маман жастар форумына шақырту алды.
Тапсырмаларды тиянақты орындап, Түркістанға аттанғандар арасында «Қаражанбасмұнай» АҚ еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі инженер Нұрлан Кушкумбаев та бар. Ол салауатты өмір салтын сақтай отырып, челлендждің әр кезеңінде берілген тапсырмаларды ережеге сай орындаған. Белсенді де жауапты жас маман еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған үзеңгілестерімен кездесіп, жаңа достар тапқанына дән риза.

«Қазақстанның әр аймағынан жиналған жастар арасында ҚБМ атынан қатысуым мен үшін зор мәртебе. Мұндай мекенге келіп, үздіктер қатарынан көріну үшін челлендж тапсырмаларын мұқият орындадым. Соның арқасында жалынды жастармен пікір алмасып, мәдени ортадан рухани азығымды толықтырдым», – деді Нұрлан Кушкумбаев.

Жастар форумының негізгі идеясы ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған. Этно ауылға жиналған челлендж үздіктері бірліктің нышаны ретінде киіз үй тігіп, ұлттық тағамдар дайындады. Олар екі күн бойы түрлі топтық сайыстар мен тұлғалық даму бойынша шеберлік сабақтарына қатысады. Осылайша мақсаты мен мүддесі бір жастар әріптестік қарым-қатынастарын нығайтып, пікір алмасып, өз көзқарастарын ортаға салды.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
242
13 марта 17:18
Компании группы АО «Самрук-Қазына» удостоились ряда наград Казахстанской фондовой биржи