Главная Новости Рухани кемелдік - тұлғалық даму кепілі
22 желтоқсан 2023, 09:03 1376

Рухани кемелдік - тұлғалық даму кепілі

Рухани кемелдік - тұлғалық даму кепілі

Қаражанбаста мұнайшылардың рухани байлығын молайтып, тұлғалық дамуын нығайту мақсатында «Рухани кемелдік» тақырыбындағы кездесу кеші өтті. Өлкенің қара алтын игерушілерімен сұхбаттасу үшін Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театр актері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының иегері Бекжан Тұрыс арнайы келді.

ІІ вахта жұмысшылары қатысқан жиында театр майталманы қазіргі қоғамдағы көкейтесті мәселелерге тоқталып, адами құндылық, ұлттық тәрбие, қадір-қасиет тақырыптарын тілге тиек етті. Бұдан бөлек актер шығармашылық пен бекзат өнер - театр тынысы хақында да әңгімеледі. Мұнайшылар кездесуден рухани әсер алып, кәделі кеңестерді көкейге түйді.

«Бекжан ағамыздың сөздері адамды ерекше қанаттандырып, тамаша шабыт сыйлады. Кеш өте жақсы деңгейде өтті. Рухани байып, ағамыздың жағымды әңгімелеріне қанық болдық. Осындай отырыстар алдағы уақытта көбейе берсін», - деді қаражанбастықтар.

Бекжан Тұрыс театр сахнасында елуге тарта рөл ойнаған. Ол ұлттық, әлемдік классика мен заманауи драматургияда сомдаған дара, ешқашан қайталанбас образдарымен халықтың ықыласы мен алғысына бөленген актер. Театрдан бөлек кино және телевизия саласында да тер төгіп, елеулі еңбек етті.

Айта кетейік, дәл осындай кездесу І вахта мұнацшыларына да жоспарланған. Руханияттың шыңына шақырар жарқын кеш мұнайшылардың тұлғалық тұрғыдан шыңдалуына сеп болары хақ.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: