Главная Новости Румыниядағы жаңа жылу электр станциясы Петромидияның электр қажеттілігін толық қамтамасыз етуде
12 мая 2026, 12:34 49

Румыниядағы жаңа жылу электр станциясы Петромидияның электр қажеттілігін толық қамтамасыз етуде

Румыниядағы жаңа жылу электр станциясы Петромидияның электр қажеттілігін толық қамтамасыз етуде

️KMG International компаниясының «Петромидия» мұнай өңдеу зауытында (МӨЗ) жыл басында пайдалануға беріліп, когенерация режимінде жұмыс істейтін жылу электр станциясы 2026 жылдың алғашқы төрт айында шамамен 180 мың МВт·сағ электр энергиясын және 300 мың тонна технологиялық бу өндірді.

Бүгінгі таңда МӨЗ меншікті генерация есебінен өзін электр энергиясымен және технологиялық бумен толық қамтамасыз етіп отыр. Бұл кәсіпорынның сырттан энергия тарту тәуелділігін азайтады, операциялық шығынды оңтайландырады және өндірістік процестердің сенімділігін арттырады.

Сонымен қатар станция энергетика жүйесінде ақау болған жағдайда, мұнай өңдеу кешенінің үздіксіз қызметін қамтамасыз ете отырып, дербес жұмыс істей алады.

Электр энергиясының артылған көлемі Румынияның Ұлттық энергетика жүйесіне өткізілді, бұл МӨЗ орналасқан өңірді энергиямен жабдықтау балансын ұстап тұруға және биылғы төрт айда $6 млн қосымша кірісті қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Станцияның негізгі жабдықтары – Siemens SGT-750 екі газ турбинасы, олар Румынияның энергетика секторында алғаш рет қолданылды. Әрқайсысы табиғи газ бен мұнай өңдеу нәтижесінде түзілетін газдың қоспасын пайдаланып, шамамен 39 МВт·сағ электр энергиясын өндіреді.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: