Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
ҚМГ-ның Румыниядағы Petromidia зауыты аумағындағы жаңа жылу электр станциясында алғашқы турбиналарды іске қосу рәсіміне «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов, Қазақстан Республикасының Румыниядағы елшісі Ерлік Әли, Румынияның SAPE мемлекеттік компаниясының бас менеджері Богдан Станеску, «Calik Enerji» бас директоры Темел Котил қатысты.
Жобаның бас мердігері «Calik Enerji» — инжиниринг, сатып алу және құрылыс саласындағы компания «Rompetrol Energy» мамандарымен бірлесіп, Нэводари қаласында орналасқан ЖЭС-тің газ турбиналарын Румынияның ұлттық электр желісімен синхрондау сынақ жұмыстарын және «Petromidia» мұнай өңдеу зауытымен интеграциялауды жалғастырады. Инвестиция көлемі $164 млн құрайды. Жылу электр станциясы сағатына 70 МВт өндіретін болады, соның есебінен «Petromidia» мұнай өңдеу зауытының энергияға қажеттілігі толық қамтамасыз етіледі.

Siemens компаниясы жасап шығарған SGT-750 газ турбиналары Румынияда алғаш қолданылуда. Жоба Қазақстан-Румын энергетикалық инвестициялық қоры (FIEKR) арқылы жүзеге асырылып жатыр. Қорды 2018 жылы қазан айында ҚазМұнайГаздың еншілес компаниясы — KMG International (80%) және «Societatea de Administrare a Participaţiilor în Energie S.A.» компаниясы (SAPE, Румынияның Энергетика министрлігі ұсынған, энергетика саласындағы үлестерге әкімшілік реттеу жүргізетін мекеме, 20%) құрған болатын. Оның басты мақсаты — Румыниядағы энергетикалық жобаларды дамыту. Румынияға жұмыс сапары барысында ҚМГ басшысы сондай-ақ «Вега» (Плоешть қ.) және «Петромидия» (Нэводари қ.) мұнай өңдеу зауыттарында болып, кәсіпорындардың өндірістік және қаржы есептерін тыңдады. Сонымен қатар А.Хасенов Rompetrol-дың жанармай құю станцияларының жұмысымен танысты.

10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
141
04 декабря 19:30
До 600 детей будут бесплатно получать реабилитацию в новом центре в Кызылорде
105
03 декабря 17:46
АлЭС ищет таланты: ярмарка вакансий в ALT Университете