Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Қаражанбасмұнай» АҚ үшін жұмысшының кәсібилігімен қатар, заманға сай тұлғалық дамып, білім көкжиегін кеңейту аса маңызды. Осы мақсатта қызметкерлер жыл бойы түрлі тақырыптарды қамтитын оқу мен шеберлік сағаттарына, семинарларға белсенді қатысып келеді. Бұл жолы мұнайшылар ұжым арасында сәтті келіссөздер жүргізу арқылы, компания жұмысының нәтижесін еселеу бойынша білімін толықтырды.
Оқыту сабақтарына кен орны мен орталық кеңседен 20-дан астам жұмысшы қатысты. Дәріс барысында оларға танымал бизнес-тренер, коуч Ирина Виговская қақтығыстардың туындау себептерін түсіндіріп, жанжалдарды тиімді шешу стратегияларын таныстырды. Одан соң қатысушыларға ойын түріндегі тапсырмалар берілді. Мұнда мұнайшылар қарапайым мысалдар келтіре отырып, туындаған мәселені үлкен дауға айналдырмау құпияларын меңгерді.
«Ұжым арасында дау-дамайсыз, нәтижелі жұмыс істеу бәріміздің міндетіміз. Ал келіссөзді шебер жүргізе білу – көздеген мақсатқа жетудің маңызды құралы. Сәтті қарым-қатынас арқылы биік белестерді оңай бағындыруға болады. Алған білімімізді міндетті түрде тәжірибеде қолданамыз», – деді семинарға қатысушылар.
Мұнайшылар екі күнге созылған сабақтан мол ақпарат, жағымды әсер алды. Семинар соңында жұмысшыларға оқуды сәтті аяқтағаны туралы сертификаттар табыс етілді.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
263
13 марта 17:18
Компании группы АО «Самрук-Қазына» удостоились ряда наград Казахстанской фондовой биржи