Главная Новости Сәуле Нұржанова: Маған өз дағдыларымды үнемі дамыта алатыным ұнайды
17 наурыз 2023, 10:22 1225

Сәуле Нұржанова: Маған өз дағдыларымды үнемі дамыта алатыным ұнайды

Сәуле Нұржанова: Маған өз дағдыларымды үнемі дамыта алатыным ұнайды

«Қазпошта» АҚ Қызылорда облыстық филиалы қаржы-экономикалық секторының басшысы болып Сәуле Нұржанова қызмет етеді. Бүгін өз ісіне адал, білікті басшының еңбек жолын таныстырамыз.

Сәуле Тельманқызы Қазпоштадағы қызметін 2004 жылы бастаған. Екі жоғары білімі мен 14 жылдық еңбек өтіліне қарамастан, ол 3 апта бойы поштаның облыстық филиалында тәжірибеден өткен. Сөйтіп маркетинг және сатуды дамыту бөлімінің 1 санатты маманы болып жұмысқа қабылданған.

«Кез келген саланың маманына жаңа компанияға сіңісу қиын, өйткені ешкімнің туғаннан дайын жұмыс білімі, дағдысы және қабілеттері болмайды. Жас маманның жұмыс орнында өзін сенімді әрі еркін сезінуі үшін жеткілікті уақыт өтуі керек. Сол кездері бір бөлімге 3 компьютер ғана болды, штатта 6 адам, жұмыстың 70%-ы қолмен орындалатын. Әрине, онда бәрі команданың сізді қалай қабылдайтынына, бейімделу кезеңіне, тәлімгерлеріне және команданың жұмысқа қабылданған адамға көмектесуге дайындығына байланысты болды. Менің тарапымнан, басшылыққа келіп түскен сұрақтар мен өтініштер сәтті болып, ұсыныстарым қабылданып, командаға сіңісіп кетуде жолым болды», – дейді ол.

Сәуле ТельманқызыСәуле Тельманқызы

Кейіпкердің айтуынша, сол жылдары пошта мен «Бинго» ұлттық лотореясы арасында келісімшарт жасалып, компания  агенттік қызмет көрсету саласын алғаш рет қолға алған. Сәуле Тельманқызы осы қызметтің басы-қасында жүріп, оның дамуына үлес қосқан.

«Маған әр лотерея билеті үшін жауапты екенім тапсырылды. Сөйтіп пойыздың кешігіп келуіне қарамастан, барлық билеттерді, тіпті жұма күні сатып алынған билеттерді кеңсеге апару керек болды. Сол жолы жексенбілік «Бинго» ұтысынан облыс орталығының бір тұрғыны, қарапайым жұмысшы адам көлік ұтып алғанда, қуанышымда шек болмады. ПББ-нен сатып алған билетке өзім ұтып алғандай қатты қуандым, егер мен сол жолы лотерея билеттерін уақытында бермесем немесе кешігіп қалсам, мұндай қуанышты жағдай болмайтынын түсіндім. Сонда алға қойған мақсатқа жету үшін, командада жұмыс істей білудің қаншалықты маңызды екеніне тағы да көз жеткіздім», – деп еске алды ол.

Сәуле Нұржанова поштада жетекші маманнан бастап, бөлім басшысына дейін көтерілген.

«Осы сала маған қызық болды. Алдымен 1-ші санаттағы жетекші маман, одан кейін бас маман қызметіне ауыстым, көп ұзамай кассалық операциялар бөлімі маған сеніп тапсырылды, 5 жылдан кейін мені қаржы-экономикалық бөлімінің басшысы қызметіне ауыстырды және 12 жылдан астам уақыт осы қызметте жұмыс жасап  келемін. Қазіргі кезде  ұйымдық құрылым қайта құрылғаннан кейін бұл бөлім қаржы-экономикалық сектор болып аталады», – деді ол.

Сонымен бірге кейіпкер пошта саласында жұмыс істеу не себепті ұнайтынын айтты.

«Маған өз дағдыларымды үнемі дамыта алатыным ұнайды. Қазіргі таңда компанияның өркендеуіне үлес қосып отырған әр қызметкердің  өз білімін, тәжірибесін және Компанияға деген құрметін көріп, модернизациялау, бизнес-процестерді автоматтандыру, ұсынылатын қызметтер аясының қаншалықты сәтті өтіп жатқанын көргенде, біздің Қазпоштаның қызмет көрсету нарығында көшбасшылардың бірі болып қалуға серпіліс жасап жатқанын көреміз. Компанияда жұмыс істеген уақыт ішінде мен ақылды, мейірімді және адал әріптестерімді кездестірдім. Біз бір-бірімізден үйрендік, айтыстық, қолдадық, тәжірибе жинақтадық. Барлығына алғысымды білдіргім келеді! Ал жас, жаңадан келген мамандарға айтарым, қазір ең бастысы тәжірибе жинақтау, командада жұмыс істеу, сұраудан қорықпау, жауапкершілікті өз мойнына алу, арасында «жоқ» деп айта білу. Алғашында сіз көп жұмыс істейтініңізге және сіздің күш-жігеріңіздің жемісін беретініне сенуіңіз керек. Әр нәрсенің өз уақыты бар, сөйтіп көп ұзамай қызметтік баспалдақпен көтерілетін боласыз», – деп сөзін аяқтады Сәуле Нұржанова.

Майнұр Жанакова

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: