Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жүйесін ұйымдастыруды жетілдіру мақсатында «Қаражанбасмұнай» АҚ «Көктем - 2021» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуына қатысты.
Жаттығу кезінде Қаражанбас кен орнындағы үздіксіз жұмыс, электрмен жабдықтау, авариялық-құтқару күштерін жедел басқаруға дайындық және төтенше жағдайлар кезіндегі басқа да шұғыл жұмыстарды материалдық-техникалық қамтамасыз ету қорының саны мен сапасы тексерілді.
Жоспарға сәйкес, сағат 10:00-де диспетчерге №2 мұнай өндіру цехінің 2542 ұңғымасында 500 м2 аумақта биіктігі 10 метр ұңғыманың ашық жануы туралы хабарлама келіп түсті. 4 адамды ауыр күйік шалды. Оқиға орнына 4 бірлік өрт сөндіру тобы жедел жетіп, апатты жойды. Медициналық қызмет тобы келгеннен кейін, зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсетілді.
Күннің екінші жартысында мұнай дайындау және айдау цехінде № 5 ТБҚ резевуары жарылды. Ашық жану нәтижесінде үш адам зардап шегіп, олардың жағдайы ауыр деп белгіленді. Бір сағаттан кейін, электр цехіндегі нөсер жаңбыр салдарынан «ВОСТОК-1» электр подстанциясының қысқа тұйықталуы орын алды. Жөндеу және қалпына келтіру кезінде жұмысшыға электр тогы тиіп, өткізгіштердің жерде болу салдарынан 100 шаршы метр аумақты электр кернеуі алып жатты. Жоспарға сәйкес қауіпті жойып, алғашқы медициналық көмек көрсету үшін барлық қажетті шаралар қабылданды.
Жаттығу барысында «Арғымақ Транс Сервис», «Тұлпар Мұнай Сервис», «Технологиялық көлікті басқару және ұңғымаларға қызмет көрсету басқармасы» ЖШС өкілдері Азаматтық Қорғаныс және Төтенше Жағдайлар штабында (бұдан әрі - АҚжТЖ) кезекшілік атқарды. Хабрламаларды қабылдау және жіберу үшін электрондық пошта, факс, спутниктік байланыс қолданылды. Оқу-жаттығуға барлығы 40 бірлік арнайы техника жұмылдырылды. «Көктем-2021» РКШОЖ жетекшісі боп Өндірістік басқарма директоры Оңғар Қабылов тағайындалды.
«Тұлпар Мұнай Сервис» ЖШС, ТӨҚ-5 ВВГ аумағында 2248 ұңғымасында бұрғылау жұмыстарын жүргізу кезінде қондырғының құлауы орын алады. 2 қызметкер қондырғының астында қысылып қалып, 5 адам орташа дәрежеде жарақат алды. АҚжТЖ штабы тарапынан зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, орын алуы мүмкін апаттардың алдын алу бойынша барлық шаралар қабылданды», – деді Оңғар Қабылов.
Аталмыш іс-шаралар «Қаражанбасмұнай» АҚ Азаматтық Қорғаныс бөлімшелерінің көктем мезгіліндегі төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою дайындығын көрсетті. Жаттығу барысында барлық тапсырмалар орындалды.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
63
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
68
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы