Главная Новости «Саламатты Қазақстан» 100 мың ауыл тұрғынына көмек көрсетті
08 желтоқсан 2023, 09:01 763

«Саламатты Қазақстан» 100 мың ауыл тұрғынына көмек көрсетті

«Саламатты Қазақстан» 100 мың ауыл тұрғынына көмек көрсетті

«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы 8 айда 18 мың шақырымнан астам жол жүріп өтті. Бірегей жоба аясында медициналық мекемелері жоқ шалғай ауылдардың 89 мыңға жуық тұрғыны тегін медициналық көмек алса, оның 19 мыңы – балалар. Сондай-ақ 195 мыңға жуық консультация беріліп, 11 мыңнан астам азаматқа операциялар жасалды.

Жалпы, 100 мыңға жуық адам медициналық, медиативтік және құқықтық көмек ала алды.

- Пойыз жолы Алматыдан басталып, Жамбыл облысында аяқталды. Пойыз еліміздің 17 өңіріндегі 121 шалғай станцияда болды. Биылғы жылы «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы атынан жобаны іске асыруға 590 млн теңге бағытталды, - деп хабарлады «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды қолдау қорының директоры Әлфия Адиева Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Әр станцияда дәрігерлер алғашқы медициналық-санитарлық және консультациялық-диагностикалық көмек көрсетіп, зертханалық әдістердің көмегімен пациенттерге тексерулер жүргізді және қажет болған жағдайда шағын оталар жасап, емдеуге жолдамалар берді. Сондай-ақ, мамандар негізгі тексеруден кейін төсек тартып жатқан науқастардың үйлеріне барып, шұғыл шақыртуларға да барып жүрді.

Биыл алғаш рет жобаға медиатор мен заңгер енгізілді. Тегін құқықтық және медиативтік көмек 10 мыңнан астам рет көрсетілді. Оның ішінде 5000 астам азамат заң консультациясын, 3000 астамы медиатордың кеңесін алды. Жүргізілген жұмыстың арқасында даулы мәселелер бойынша 500 астам келісімге қол қойылды.

- Медициналық пойыз - бірегей. Пойыз жұмысын пойыз бастығы бастаған бригада қамтамасыз етеді. Пойыз 8 медициналық вагоннан тұрады, 4-медициналық кабинеттерге бейінделіп ауыстырылған. Дизель-генератор вагоны барлық медициналық жабдықтардың үздіксіз жұмыс істеуіне жауап береді. Тағы 2 вагон - қызметкерлер, дәрігерлер, медиаторлар, заңгерлер үшін барлық жұмыс барысында олар үй жағдайына жақын болуы үшін, - деді «ҚТЖ» ҰК» АҚ жанындағы әлеуметтік жобалар қорының директоры Ербол Кеңгірбаев.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бөлімшелері Корпоративтік қормен медпойыздың жүруін ұйымдастыру бойынша үлкен жұмыс – қызмет көрсету, ұстау, жөндеу және дизель отынымен жанармай құюды жүргізді.

Пойыз бригадасының құрамына 14 жолсерік, дизельді-генераторлық қондырғылардың дизельистері, пойыз электромеханигі және сушылар мен күзетшілер кіреді.

Әсел Шайхынова

Дереккөз: "Қазақстан теміржолшысы"

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: