Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы сапарын одан әрі жалғастыруда. Бүгінге дейін пойыз алты облыстың, яғни Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарындағы 48 стансаны аралады.
Жоба аясында 10 мың баланы қоса алғанда барлығы 32 мың адам пойыздағы медицина мамандарына қаралды, сонымен қатар оларға 91 мыңнан астам медициналық қызмет көрсетілді. Соның ішінде стоматологиялық қызметтер, зертханалық зерттеулер, кішігірім хирургиялық оталар, ультрадыбыстық және рентгенологиялық зерттеулер бар.
Аурулардың ерте диагностикасы мен дер кезінде емделуіне ерекше назар аударылады. Қазіргі сәтте жүрек-қан тамырлары аурулары, қант диабеті және балалардың ауруларын қосқанда түрлі дертке шалдыққан 1933 науқас анықталды. 255 баланы қоса алғанда барлық науқастар тұрғылықты жері бойынша емханалардың тұрақты бақылауына алынды.

Жоба тек диагностикалау үшін ғана емес, сонымен бірге күрделі және төтенше жағдайда шұғыл медициналық көмек көрсетуде де маңызды болып шықты. Мәселен, Жақсы стансасында кардиологқа қаралған науқастың ауруын дер кезінде анықтау арқылы ол бір ажалдан аман қалды. Оның бойында миокарда инфаркті ауруының белгілері анықталып, дереу ауруханаға жатқызылды. Медициналық пойыз жабдықтарының арқасында қауіпті ауруларды жедел анықтап, шұғыл көмек көрсету мүмкін болды.
Медициналық пойыздың жұмысы әлі де жалғасуда, енді жылдың соңына дейін Қазақстанның 11 облысындағы тағы 44 стансаны қамту көзделуде. Жоба командасында педиатр, кардиолог, рентгенолог, хирург және басқаларын қоса алғанда 14 тар бейінді салалық маман бар. Олардың бәрі де еліміздің ең шалғай жерлеріндегі тұрғындардың қажетті медициналық көмекті дер кезінде және жоғары деңгейде алуына ниетті.

Еске сала кетсек, «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы» әлеуметтік жобасы ҚР Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі және «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы атынан «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры арасындағы ынтымақтастық аясында жүзеге асырылуда. Жобаның басты мақсаты – шалғай стансалардағы тұрғындарға білікті мамандардың медициналық көмегін беру және денсаулық сақтау саласына қаралуға мүмкіндігі шектеулі өңірлердің медициналық қызметке қолжетімділігін арттыру.
357
27 апреля 12:01
Алатау Жарық Компаниясы: қауіпсіздік технологиялар бақылауында
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
294
05 мая 11:53
Казахстан усиливает ИИ-инфраструктуру: проекты «Казахтелекома» представлены на GITEX 2026
229
04 мая 15:35
KEGOC: цифровизация и искусственный интеллект