Главная Новости «Саламатты Қазақстан» жұмысын аяқтады
24 желтоқсан 2024, 11:29 206

«Саламатты Қазақстан» жұмысын аяқтады

«Саламатты Қазақстан» жұмысын аяқтады

«Саламатты Қазақстан» пойызы биылғы жұмысын 1 мамырда бастап, 8 ай ішінде 17 облысты аралады. Медициналық пойыз жұмысын су тасқыны орын алған батыс өңірлерден бастап, Жетісу облысында аяқтады.

Өткен жылы 121 станция қамтылса, биыл 140 шалғай елді мекенде болып, 21 мың шақырымнан астам жол жүріп өтті. Былтыр пойызда 35 маман қызмет атқарса, биыл 40 маман тартылған. Олар түрлі бағыттағы дәрігерлер, медиатор мен заңгер мамандар.  

«Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының бас директоры Альфия Адиеваның айтуынша, мақсат кем дегенде 100 мың халықты қамту болған. Бұл міндет толығымен орындалып, бұл көрсеткіш өткен жылға қарағанда 12 мыңға артып, 104 250 ауыл тұрғынына медициналық және құқықтық көмек көрсетілді. Дәрігерлер жалпы 101 301 азаматқа медициналық көмек көрсеткен. Олардың 54 334-і әйел, 23 685-і ер, 23 282-і бала. Пойыз әр станцияға орташа алғанда 2 күн тоқтап, науқастарды толық диагностикадан өткізіп, медициналық кеңес берді. Пойызда жалпы және биохимиялық талдаулар, флюорография, ішкі органдар мен тамырларды ультрадыбыстық зерттеу сияқты түрлі медициналық қызметтер көсретілді. Биыл Денсаулық сақтау министрлігінің көмегімен өткен жылға қарағанда пойыздың медициналық құрал-жабдықтары жаңартылып, қызмет көрсету сапасы артты.  

– Халық ең көп жалпы медицина дәрігері мен терапевтке (77 104), невропатолог (16 382) пен офтальмолог (15 529) сынды мамандарға қаралды. Дөңгелек үстіндегі емханада биыл 7 671 шағын ота жасалды. Оның ішінде балаларға да көмек көрсетілді. Өңірлер бөлінісінде оңтүстік пен батыс өңірлердегі тұрғындарға ең көп медициналық қызметтер ұсынылды, – деді спикер.  

ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия бастамасымен екінші жыл қатарынан «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы жобасына медиатор мен заңгер мамандар қатыстырылуы өз жемісін беріп отыр дейді спикер. Пойызда тұрақты түрде 3 заңгер мен 3 медиатор жұмыс істеді. Нәтижесінде 2 949 азаматтың арызы қарастырылды, оның 1 844-і медиаторға түскен өтініш болса, 1 105-і заңгерге қатысты сұрақтар болған.  Жоба аясында медиатор мен заңгер берген кеңестер барысында көпбалалы аналарға, сондай-ақ мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған және өмірлік қиын жағдайға тап болған аналарға ерекше назар аударылған.    

Райхан Рахметова

Дереккөз: "Қазақстан теміржолшысы"

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: