Главная Новости «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы БҚО тұрғындарына қызмет көрсетуде
11 шілде 2024, 16:31 522

«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы БҚО тұрғындарына қызмет көрсетуде

«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы БҚО тұрғындарына қызмет көрсетуде

«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы Батыс Қазақстан облысына жетті. Шалғай тоғыз елді мекеннің тұрғындары білікті дәрігерлердің көмегін тегін алу мүмкіндігіне ие.

Сонымен қатар оларға заңгер мен медиаторлар да қызмет көрсетіп жатыр.  Медициналық пойыз 4 шілдеде Переметный станциясына жетті. Осы аудан орталығында 6 мыңнан аса адам тұрады. Тұрғындар шағын емхана іспетті вагондарды жылда асыға күтеді.  

«Хирургте болдым. Кеуде қуысым ауырып тұр. Мені компьютерлік томографияға жіберді. Әрі қарай емделетін болдым. Пойыз бізге жылда келеді. Келген сайын мамандарға қаралып шығамын»,- дейді Атамекен ауылының тұрғыны Дариға Иманқұлова.  

Хирург Анар Ыбырайымова пойызда операция жасайтын шағын кабинеттері барын айтады.

«Мұнда түрлі медициналық көмек көрсетіледі. Жарақатты таңып, терідегі липома, атерома, гигрома сияқты ісіктерді кесеміз. Қажет болса сынған жерлерін гипстейміз», - дейді хирург.  

Пойызда 22 білікті маман бар. Тұрғындар консультациялық көмек алып қоймай, ультра-дыбыстық зерттеу, электрокардиограмма мен рентгеннен өте алады. Қысқасы, дәрігерлер адамдарды түрлі аппаратпен тексеріп, емін жазып береді.  

«Қазірдің өзінде 3 станцияны аралап екі мыңға жуық тұрғындарымызға медициналық көмек көрсеткен болатын. Қазір осы бірнеше күн ішінде 5 аудан және 9 станцияны аралап, бұдан да сан көрсеткіштер көбейеді. Переметное ауылында 100-ге жуық адам таңғы 9-дан бастап келіп отыр. Бұл нені көрсетеді? Бұл осы жобаның өзектілігін және қажеттілігін көрсетеді», - дейді БҚО әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов.  

«Саламатты Қазақстан» пойызы облыста 13 шілдеге дейін болады. Соңғы күні Шыңғырлау ауданының тұрғындары дәрігерлердің тексеруінен өтеді. Ары қарай Қостанай облысына жол тартады.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: