Главная Новости "Саламатты Қазақстан" медициналық пойызы жұмысын ертең Маңғыстау облысынан бастайды
02 мамыр 2024, 15:40 242

"Саламатты Қазақстан" медициналық пойызы жұмысын ертең Маңғыстау облысынан бастайды

"Саламатты Қазақстан" медициналық пойызы жұмысын ертең Маңғыстау облысынан бастайды

Пойыз 25 мамырға дейін 10 станцияда қызмет көрсетеді.

3 мамыр күні Маңғыстау облысына "Саламатты Қазақстан" мамандандырылған медициналық пойызы келеді, деп хабарлады Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 
3 мамыр мен 25 мамыр аралығында Маңғыстау облысының бірнеше елді-мекенін аралап, дәрігерлер тұрғындарға медициналық көмек көрсетеді. 

Дәрігерлік бригаданың құрамында терапевт, хирург, педиатр, психолог, невропатолог, ультрадыбыстық диагностика маманы, жалпы практика дәрігері, рентгенолог, кардиолог, стоматолог, офтальмолог, отоларинголог, онколог-маммолог, гинеколог және уролог медициналық көмек көрсетеді. Пойыз заманауи диагностикалық құралдармен, соңғы үлгідегі құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. 

Медициналық пойыз дәрігерлері өңір тұрғындарын таңғы сағат 09.00-ден кешкі 18:00-ге дейін қабылдайды. Түскі ас уақыты - 13.00-14.00. Айта кетейік, дәрігердің қабылдауына баратын тұрғындар міндетті түрде өзінің, баласының (баласын қаратса) жеке бас куәлігін және медициналық құжаттары болса, қосымша ала баруы керек. 

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: