Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Ұлытау облысының тұрғындарына жоғары білікті медициналық көмек қолжетімді болып ортыр. Қоскөл стансасына «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы келді, деп хабарлады ҚазАқпарат агенттігі.
«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы» әлеуметтік жобасын «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның және Денсаулық сақтау министрлігінің қатысуымен, «Әлеуметтік жобалар қоры» корпоративтік қорымен ынтымақтастықта жүзеге асырып отыр.
«Саламатты Қазақстан» әлеуметтік жобасының басты ақпараттық серіктесі – ҚР Президентінің телерадиокешені.
Биыл Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен алғаш рет азаматтардың мемлекеттік әлеуметтік қолдау, зейнетақы, жәрдемақы, әлеуметтік төлемдер және атаулы әлеуметтік көмек алу құқығын қорғау мәселесі бойынша тегін консультация беріліп келеді. Сонымен қатар, шалғай аймақтардың тұрғындары тегін медиативті және құқықтық көмек ала алады.
Қоскөл стансасына медициналық пойыз 13 тамызда сағат 23:58-де келді. Ол 15 тамызда сағат 22:58-де жүріп кетеді.
Медициналық пойыздың бағыты медициналық кабинеті жоқ аймақтарды қамтиды.
Осылайша, биыл шалғайдағы елді мекен тұрғындары терапевт, стоматолог, офтальмолог, хирург, уролог, маммолог, педиатр және басқа да салалар бойынша тегін тексеруден өтіп, емделуге мүмкіндік алды.
Пойыз заманауи диагностикалық және емдік жабдықтармен, ультрадыбыстық, флюорографиялық аппаратпен, шағын операциялық бөлмемен, зертханамен жабдықталған. Одан бөлек, сымсыз интернет байланыс құралдарымен қамтылған.
«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызының мамандары 26 сәуір мен 17 шілде аралығында Алматы, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Ұлытау, Жетісу және Абай облыстарының 47 стансасында тұрғындарға кәсіби медициналық, заңгерлік және медиативті көмек көрсетіп үлгерді.
Айта кетейік, 26 сәуірде Алматы-2 стансасынан басталған «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы 6 желтоқсанға дейін жүреді.
Пойыздың жүру кестесін «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС бекіткен.
Медициналық пойыздың қазіргі кестесі медицина пунктері жоқ шалғай стансаларды, азаматтар мен мемлекеттік органдардың сұранысын ескере отырып жасалды.
194
13 марта 14:53
К празднику Наурыз Нацперевозчик дополнительно предоставит 2177 мест в пригородных поездах
361
02 марта 16:44
В Богатырь Комир прошел спортивный праздник к Международному женскому дню
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
191
13 марта 17:18
Компании группы АО «Самрук-Қазына» удостоились ряда наград Казахстанской фондовой биржи