Главная Новости «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызында 180 астам ота жасалды
26 сентября 2025, 12:56 365

«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызында 180 астам ота жасалды

«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызында 180 астам ота жасалды

Хирург Анар Ибрайымова үшін «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы – ота жасау бөлмесіне айналған. Небәрі 4 шаршы метрлік купеде ол төрт ай ішінде 180-нен астам шағын операция жасаған.

Әр процедура 10–15 минут қана созылады, алайда шалғай ауыл тұрғындары үшін бұның өзі баға жетпес көмек. Пойызда тек хирург, кардиолог, гинеколог, педиатр, уролог қана емес, сондай-ақ медиаторлар мен заңгерлер де қабылдау жүргізеді.

 

Медпойыз 11 өңірде 68 станцияға тоқтап, 50 мыңнан астам адамға тегін көмек көрсетті. Жалпы биыл 123 станцияға тоқтап, шамамен 90 мың ауыл тұрғынына медициналық қызмет көрсету жоспарланып отыр.

Жоба «Samruk-Kazyna Trust» корпоративтік қорының бастамасымен ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиямен және Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп жүзеге асырылуда.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: