Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Саламатты Қазақстан» пойызы дәрігерлері 8 мыңға жуық ота жасады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте «Samruk-Kazyna trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының бас директоры Альфия Адиева айтты, деп хабарлады ҚазАқпарат агенттігі.
«Пойыз дәрігерлері 101 301 азаматқа медициналық көмек көрсетті. Олардың 54 334 - әйелдер, 23 685 - ерлер, 23 282 - балалар. Пойыз әр станцияға орташа алғанда 2 күн тоқтап, науқастарды тексерді. Толық жалпы және биохимиялық талдаулар, флюорография, ішкі органдар мен тамырларды ультрадыбыстық зерттеу, электрокардиограмма, гастрофиброскопия, диагностикалық зерттеулердің басқа да түрлері жүргізілді. Биыл медициналық пойызда эхоэнцефалография, маммография, рентген қондырғылары жаңарып, мамандар қатары травматолог, психолог, педиатр, мобильдік бригада өкілдерімен толықты. Жалпы медицина дәрігері мен терапевтке – 77 104, невропатологқа – 16 382, офтальмологқа 15 529 адам қаралды. 7 671 шағын ота жасалды», – деді Альфия Адиева.
Оның дерегінше, өңірлер бөлінісінде халық тығыздығына байланысты оңтүстік пен батыс облыстардағы тұрғындарға ең көп медициналық қызмет ұсынылды.
«Ұлттық комиссия бастамасымен екінші жыл қатарынан жобаға медиатор мен заңгер қатысып, халықтың, оның ішінде әйелдер қауымының өзекті мәселелерінің шешілуіне күш салынды. Пойызда тұрақты түрде 3 заңгер мен 3 медиатор жұмыс істеді. Нәтижесінде 2 949 азаматтың арызы қарастырылды. Оның 1 844-і медиаторға түскен өтініш болса, 1 105-ы заңгерге қатысты сұрақтар болды. 1 630 ер адам және 1298 әйел өз мәселелерімен жүгінді. Облыстар ішінде ең көп сұрақтар Маңғыстау, Абай, Шығыс Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарының тұрғындарынан келіп түсті», – деді ол.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
56
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
62
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы