Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Саламатты Қазақстан» пойызы шалғайда орналасқан бірнеше стансаға барып, тұрғындарға медициналық көмек көрсетті, деп хабарлайды Rail-news.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
26 сәуір мен 10 мамыр аралығында «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы Қопа, Медеу, Жетісу, Шелек, Тасқарасу, Айдарлы, Жетіген, Іле стансаларында болды. Пойыз мамандары аталған стансалардың 4 616 тұрғынын, оның ішінде 887 баланы, 3 729 ересек адамды тексерді.
Нақтырақ айтқанда, жалпы практика дәрігері/терапевт/педиатор – 860, хирург – 2 419, уролог – 722, невропатолог – 1987, офтальмолог – 2 033, лор – 1 452, акушер-гинеколог – 377, стоматолог – 1 189, психолог 9 адамды қабылдады. Мұнан бөлек, 471 адам электрокардиографияға, 1 821 адам УДЗ-ға, 103 адам флюорографияға түсірілді.
Ал бүгін «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызының білікті мамандары Жетісу облысына қарасты Көксу стансасының тұрғындарына медициналық көмек көрсетіп жатыр.
Айта кетейік, «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы 26 сәуір күні «Алматы-2» теміржол вокзалынан жолға шықты.
Пойыздың іші емханадағыдай жабдықталған. Кез келген медицина мекемесіне келген адам, алдымен тіркеу бөліміне барады. Мұнда да дәл солай. Терапевт, хирург, кардиолог, лор, педиатр сияқты қажетті мамандардың жеке кабинеті бар. Тіпті, арнайы зертхана да қарастырылған. Зерттеу нәтижелері 15 минуттың ішінде дайын болады. Дәрігерлер 6 желтоқсанға дейін облыс, аудан орталықтарынан шалғай жерде орналасқан 120 стансаға барады. Болжам байынша 75 мың адамға медициналық көмек көрсетіледі. Медициналық пойызда 35 білікті маман бар.
Жобаны «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының атынан «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры, ҚР Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның және Денсаулық сақтау министрлігінің қатысуымен, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ жанындағы «Әлеуметтік жобалар қоры» корпоративтік қорымен және ақпараттық серіктес - Jibek Joly телеарнасымен бірге жүзеге асырады.
Айта кетерлігі, медициналық пойыздың бұл жолғы қозғалыс кестесі де азаматтар мен мемлекеттік органдардың өтініші негізінде шалғайдағы стансаларда медициналық пункттердің жоқтығы ескеріле отырып жасалған.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
65
10 декабря 11:56
Білікті маман Дастан Жүнісұлының еңбек жолы