Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
"Саламатты Қазақстан" медициналық пойызы Қазақстан бойынша сапарын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Rail-news.kz.
Өткен аптада медициналық пойыз Жетісу облысына барды. Тұрғындарға медициналық көмек көрсетіліп, кеңестер берілді. Калпе станциясында тұрғындар дәрігерлерді халық музыкасымен қарсы алды. Келесі аптада медициналық пойыз Абай және Шығыс Қазақстан облыстарына барады.
«Медициналық пойыз келесі аптада сіз немесе туыстарыңыз тұратын аймаққа жетіп қалуы мүмкін. Нақты кестеге назар салыңыз!», – деп хабарлады ведомство.
Кейбір дәрігерге қолы жетпей жүрген тұрғындар үшін медициналық пойыздың пайдасы мол, дейді компания мамандары.