Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызының дәрігерлері шалғайдағы станция тұрғындарына сапалы медициналық, заңгерлік және медиативтік көмек көрсетуді жалғастырып келеді. Жақында олар Қостанай облысының Арқалық станциясында болды және науқас денсаулығына төнген қауіптің алдын алды, деп хабарлады ҚазАқпарат.
«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызының дәрігерлері шалғайдағы станция тұрғындарына сапалы медициналық, заңгерлік және медиативтік көмек көрсетуді жалғастырып келеді. Жақында олар Қостанай облысының Арқалық станциясында болды және науқас денсаулығына төнген қауіптің алдын алды, деп хабарлайды Rail-news.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
26 сәуір мен 17 шілде күндері «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызының мамандары Алматы, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарының, сондай-ақ Ұлытау, Жетісу және Абай облыстарының 47 станциясына барып, тұрғындарға кәсіби медициналық, заңгерлік және медиативтік көмек көрсетті.
Жақында ғана дәрігерлер Қостанай облысының Арқалық станциясындағы жұмысын аяқтады. Онда дәрігерлер науқастың терісінде іріңді-қабыну ошақтары барын анықтады және дереу жедел жәрдем шақырып, науқасты ауруханаға жатқызды.
«Ол бірнеше рет ауруханаға барған, бірақ дұрыс диагноз қойылмаған және ауруын асқындырып алған. Оның денесінде іріңді-қабыну зақымының кең таралғанын байқадық. Науқас қазір ауруханада емделіп жатыр. Егер ол бізге жүгінбегенде және әрі қарай жүре бергенде, терінің жұқпалы инфекциясы - сепсис басталуы мүмкін еді», - деді «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызының бас дәрігері Айнұр Егінбаева.
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, науқас халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған жатақханада тұрады. Бұл жатақхананың көптеген тұрғынында тері аурулары бар. Медициналық пойыздың дәрігерлері жергілікті дәрігерлер мен әкімдік өкілдеріне жүгініп, сонда тұратын барлық адамды медициналық тексеруден өткізуді сұрады.
«Бұл жөнінде дабыл қағу керек. Олар бір-біріне тері ауруын жұқтыруы мүмкін. Барлық тұрғындарды тексеру керек. Сол күні бізге тағы бір ер адам келді, оның терісінде де осындай жаралар бар екені анықталды», - деп толықтырды дәрігер.
Еске сала кетсек, «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы» әлеуметтік жобасын «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры ҚР Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның және Денсаулық сақтау министрлігінің қатысуымен, «Әлеуметтік жобалар қоры» корпоративтік қорымен ынтымақтастықта жүзеге асырып отыр.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
84
17 декабря 16:34
В ТОО «ПГУ Туркестан» назначен новый Председатель Правления