Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Samruk-Kazyna Construction» АҚ Басшысы Мәулен Айманбетов аппараттық кеңес жиынын өткізді. Отырыс барысында Басқарма Төрағасының орынбасарлары мен құрылымдық бөлім басшылары Қоғамның инвестициялық қызметі, кадрлік және ақпараттық-имидждік жұмыс бойынша есеп берді.
Жиын қатысушылары «MetalFormer» зауытының ашылуына дайындық бойынша сұрақтарды талқылады. Шатыр жабындылары мен қасбетті қаптау материалдарын өндіретін кәсіпорын жақын арада іске қосылып, айына 75 мың шаршы метр талшықты цемент панельдерін өндірмек.
Көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы мен реновация бағдарламасы арқылы жүзеге асырылатын инвестициялық қызмет – күн тәртібіне шығарылған сұрақтардың бірі. Басқарма Төрағасы көпқабатты баспаналарды тұрғызу бойынша жұмыс кестесінің орындалуын бағамдап, коммерциялық және тұрғын үй нысандарының қолданысы, Қоғамның ағымдағы қаржылық қызметі бағытында іс-шаралар кешенін жүргізуді тапсырды.
Сондай-ақ, отырыста Түркия елінде бой көтеретін 1200 орынға шақталған мектептің құрылысы бойынша ұйымдастырушылық сұрақтар да қарастырылды. Естеріңізге сала кетейік, жайлы мектептерге типтес білім ошағы бауырлас мемлекеттің жер сілкінісі болған аймағында Қазақстан халқының көмегі мен қолдауының бірден-бір белгісі ретінде тұрғызылмақ.

Жиналыстың қорытындысы бойынша Басқарма Төрағасы айтылған мәселелердің барлығы қатаң бақылауда болатынын атап өтті. Сондай-ақ, жүктелген міндеттер Қоғамның хаттамалық тапсырмалар реестріне енгізіледі.
Мәулен Айманбетов «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын жүзеге асыру бойынша Дирекциямен жиналыс өткізіп, өңірлерге барған іссапарын қорытындылады. Екі аптаның ішінде Басқарма Төрағасы 8 облыс пен 2 қаланы аралап, ондаған құрылыс учаскесіне барып, проблемалық сұрақтарды айқындап, оларды шешу жолын жергілікті атқарушы билік өкілдерімен қарастырды.
Бас қосуда Samruk-Kazyna Construction басшысы шаруаны сылбыр жүргізіп жатқан мердігерлер мен компанияның өңірлік өкілдерін қатаң сынға алды. Бірнеше жер учаскесіндегі жұмыс белгіленген кестеден қалып барады, себебі құрылысқа дайындық барысы жөнді қадағаланбайды. Бұрыс үрдіс жалғасын табар болса, мердігермен де, аймақтардағы мамандармен де қош айтысуға тура келеді.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
120
08 декабря 15:39
Сотрудник АлЭС выиграл квартиру в финале проекта «Ең мықты»