Главная Новости «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-да «Атамекен» ҰКП, ОАМ мен жайлы мектептердің консорциум лидерлерінің қатысуымен жиын өтті
18 сәуір 2024, 10:41 251

«Samruk-Kazyna Construction» АҚ-да «Атамекен» ҰКП, ОАМ мен жайлы мектептердің консорциум лидерлерінің қатысуымен жиын өтті

«Samruk-Kazyna Construction» АҚ-да «Атамекен» ҰКП, ОАМ мен жайлы мектептердің консорциум лидерлерінің қатысуымен жиын өтті

Жайлы мектептердің жоба жетекшілері, учаске басшылары, мердігерлік ұйымдардың авторлық және техникалық қадағалау мамандары үшін заманауи форматта бой көтерген мектептерге экскурсияға барды. Кейін «Samruk-Kazyna Construction» АҚ қабырғасында «Атамекен» ҰКП, оқу-ағарту министрлігі мен жайлы мектептердің консорциум лидерлерінің қатысуымен ауқымды жиын өтті.

Жоба мақсаты – апаттық мектептерді, үшауысымды оқыту мен оқушы орындарының тапшылығын жою. Биыл аталған мәселелерді шешу үшін 98 білім ошағын қыркүйектің 1-іне дейін тапсыру көзделген. Бұл мектептердің жобалық-сметалық құжаттамасы бойынша оң қорытындыны мамырдың 15-іне дейін алу маңызды. Міндетті орындау үшін SK Construction басшысы апта бойы мемлекеттік сараптама өкілдері, өңірлік мамандар мен Қоғамның орталық аппаратының қатысуымен бірқатар жиын өткізбек ниетте. Сонымен қатар, есігін желтоқсанның ортасында ашуы тиіс 110 оқу ұясының ЖСҚ бойынша күшейтілген жұмыс жүргізіледі.  

Пилоттық ұлттық жобаның жүзеге асырылу барысы туралы Басқарма төрағасының орынбасары Амангелді Саттаров баяндады.

«Қазіргі таңда 208 учаскенің 96-сында нысанның бір немесе одан да көп қабаты тұрғызылған. 57 мектеп бойынша іргетасын қалай жұмыстары аяқталып, 29-ында дайындық шаралары тәмамдалуда. Бекітілген кестеден қазір 26 білім ошағының құрылысы қалып келеді»,- деп атап өтті Амангелді Саттаров.

Ағымдағы жылдың ақпанынан бастап 4 өңірдің жайлы мектептерінде өндірістік қауіпсіздік техникасының сақталуы бойынша аудит жүргізілді. Тексеріс барысында Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстары мен Шымкент қаласында 500-ден астам бұзушылық анықталды. Олқылықтардың басым бөлігі арнайы киім мен белгілердің болмауына қатысты.

«Құрылыс барысында бастысы – қауіпсіздік техникасының сақталуы. Сондықтан, барлық учаскелерді заңнамаға сәйкес қажетті заттармен қамтамасыз ету қажет»,-деді Басқарма төрағасының орынбасары.

Құрылыс барысын назарында ұстайтын органдардың бірі – техникалық қадағалаушылар. Аталған жұмысқа жауапты «Самұрық-Қазына Девелопмент» ЖШС бас директоры Нұрлыбек Өтеубаев «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Басқарма төрағасы Мәулен Айманбетовпен бірге іссапарға шыққан. Құрылыс алаңдарын аралау барысында бірқатар олқылықтар анықталды. Проблемалардың бірі – нысанды тұрғызу бойынша шаруа бір бөлек, ал оның құжаттамасын жүргізу бір бөлек қалған. Бұдан бөлек, қыс мезгілінде бетон құю процесін сапасыз атқарған компаниялар да анықталды.

«Құрылыстың әр кезеңінде сапаға ерекше назар аудару қажет», -дейді Нұрлан Өтеубаев. «Мақсат – олқылықтарды анықтап, оларды біржақты ету. Біз бақылау механизмдерін жетілдіріп, мектептердің сапалы әрі қауіпсіз болуы үшін жұмыс істейтін боламыз».

Заманауи жиһаз, ашық түстер, әдемі және қызықты дизайн, бос орындарды тиімді пайдалану, ыңғайлы коворкинг пен армандағы кітапхана. Ауқымды жиын барысында жайлы мектептердің мердігерлік ұйымдарының назарына болашақ оқу орындарына 3Д-шолуды ұсынды. Десе де жобану жетілдіру мақсатында өзгеріс енгізуге кеш емес. Мәулен Айманбетов құрылысшылардың ұсыныстары міндетті түрде қаралатынын жайында айтып өтті. Маңызды жайт мектептердің дизайны сыйымдылығына байланысты әр түрлі болмақ. Мәселен, ел бойынша бой көтеретін 300 орындық білім ошақтарының іші бірдей жасалады. Осылайша қуаттылығы бойынша жайлы мектептердің дизайны өзгеріп отырады.

Ұлттық жобаны жүзеге асыру барысында қазақстандық өндірісті қолдауға ерекше көңіл бөлініп отыр. Мектептердің құрылысы бойынша жергілікті өнім көлемі - 70%, ал құрылыс материалдарын қолдануда - 90% дейін жетеді. Астана, Алматы мен Шымкент сынды ірі қалаларда қасбет          материалы ретінде фиброцементтік плиталары қолданылады. Ал, өзге өңірлерде жергілікті өндіріс ошақтарында шығарылатын травертин, линеарлы панельдер мен қасбет кірпіштері пайдаланылмақ. Отандық бизнестің пилоттық жобаға белсене қатысуы «Атамекен» ҰҚП бірлескен ауқымды жұмыстың арқасында мүмкін болып отыр.

Өз кезегінде кәсіпкерлер палатасы алып-сатарлық пен бағаның шарықтап кетпеуін болдырмас үшін қазақстандық бизнес тауарларының құнын қадағалайтынын жеткізді. Жиын барысында анықталғандай мұндай фактілер қазір азды-көпті кездесіп жатыр.

Заманауи форматтағы болашақ білім ошақтарын жабдықтауға қажетті жиһаздарды сатып алу бойынша келісімшартқа отыру бойынша жұмысқа қарқын қосу қажет. Бүгінде тиісті шаруа еліміздің 12 аймағында 23 бас мердігермен тәмамдалған. Қазір 25 өндіріс ошағы жайлы мектептерге қажетті жиһазды шығару ісіне білек сыбана кіріскен.

Осындай жұмысты өзге де өңірлерде жүргізу керек. Шаруаны күшейті үшін Абай, Ақмола, СҚО, Түркістан, Атырау, БҚО, Қызылорда облыстары мен Шымкент, Астана қалаларының әкімдіктеріне, дәлірек айтқанда білім басқармаларына парта, орындық, шкаф сынды барлық қажетті жиһаз қамтылған тізімді жасап, бекіткен жөн. Мұнда тауардың формасы, түсі мен материалына дейін көрсеткен абзал. Сондай-ақ, жиын барысында Басқарма төрағасы Мәулен Айманбетов «Атамекен» ҰКП өкіліне Қызылорда, Ақтөбе, Маңғыстау мен Атырау облыстарында орналасқан палатаның жергілікті филиалдарымен жұмысты үйлестіру бойынша көмек қажеттігін жеткізді.

Ауқымды кездесу «Сұрақ-Жауап» сессиясымен аяқталды. Мұнда қатысушылар жобаны жүзеге асыру бойынша өз сауалдарын ғана қоймай, сондай-ақ тың идеяларымен де белсенді түрде бөлісті.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: