Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Samruk-Kazyna Construction» АҚ басқарма төрағасы Мәулен Айманбетов хаттамалық тапсырмаларды орындау, корпоративтік басқару мәселелерін өзектендіру, қоғам жобаларын қаржыландыру, тұрғын үй қорын реновациялау бағдарламасын іске асыруды бастау мәселелері қарастырылған кезекті жұмыс кеңесін өткізді.
11 наурыздағы хаттамалық тапсырмаларды орындау барысында жауапты тұлғалар бар проблемалық мәселелер бойынша атқарылған жұмыстар туралы ақпарат берді. Талқылау қорытындысы бойынша Мәулен Айманбетов тұрғындардың «ҚазОрталығы ТКШ» АҚ-ның МИБ/ЖМ құру туралы ақпараттық материалдарымен танысқанына көз жеткізуді тапсырды. Сонымен қатар, басқару органын пәтер тұрғындарымен МИБ/ЖМ құру мәселелері бойынша жиналыс өткізілетіні туралы хабардар ету қажеттілігі атап өтілді.
Жиналыс шеңберінде Алматы қаласындағы «Асыл Арман» ТА аумағында инфрақұрылымды дамыту және абаттандыруды жақсарту мәселелерін қарауға негізгі назар аударылды.

«Асыл Арман» ТА-дан қалаға тікелей шығатын жолдың болмауы тұрғындар үшін қолайсыздықты тудырып отыр. Тұрғындар бұрылу арқылы қосымша 10 шақырымды айналып өтуге мәжбүр, бұл тұрғындар арасында әлеуметтік шиеленіске әкеледі.
Осыған байланысты «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-мен қала жағына қарай бірінші шығу жолының жанындағы Ташкент тас жолында жол айрығын салу кезеңінде уақытша бұру жолын ұйымдастыру мәселесі шешілді, бұл 20 000 адамнан астам халқы бар «Асыл Арман» ТА тұрғындары үшін жол жүру уақытын едәуір қысқартады.
Егжей-тегжейлі жоспарлау жоспарында білім беру мекемелерін салу көзделмегенін ескере отырып, мектеп және мектепке дейінгі жастағы 6 мыңнан астам баланы білім беру мекемесімен қамтамасыз ету мәселесі тұр. Қоғам Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен, Алматы облысы Қарасай ауданының әкімдігі тұлғасында жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, МЖӘ, сондай-ақ инвестициялар тарту арқылы «Асыл Арман» ТА жанында мектеп салу мәселесі қарастырылуда. Бұл бастама «Асыл Арман» ТА тұрғындарына балаларын тұрғылықты жеріне жақын жерде оқыту мүмкіндігін береді.

Сондай-ақ, Мәулен Айманбетов халықтың өмір сүруіне қолайлы орта құру, тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру және өңірде тұрғын үй инфрақұрылымын дамыту мәселелеріне аса назар аударды. Осыған байланысты басқарма төрағасы ҚР өңірлерін реновациялау (ескі және авариялық тұрғын үй) бағдарламасы бойынша жобаларды іске асыруды пысықтау және бастауды тапсырды.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
290
13 марта 17:18
Компании группы АО «Самрук-Қазына» удостоились ряда наград Казахстанской фондовой биржи