Главная Новости Samruk-Kazyna Construction басшысы Алматыда жайлы мектептер құрылысының барысын тексерді
03 сәуір 2024, 09:15 150

Samruk-Kazyna Construction басшысы Алматыда жайлы мектептер құрылысының барысын тексерді

Samruk-Kazyna Construction басшысы Алматыда жайлы мектептер құрылысының барысын тексерді

Samruk-Kazyna Construction басшысы Мәулен Айманбетов жұмыс сапарымен Алматы қаласына барды. Іссапары аясында Басқарма төрағасы мегаполистегі барлық жайлы мектептердің құрылыс алаңдарын аралап шықты.

Оңтүстік астанада 1 қыркүйекке дейін 5 жайлы мектеп ашылады деп жоспарлануда. Барлығы биыл Алматы қаласында заманауи форматтағы 13 білім ошағы пайдалануға беріледі:

  • Құлжа трактінің оңтүстігінде 600 орындық мектеп;
  • Қарасу шағын ауданында 2000 орындық мектеп;
  • Самғау шағын ауданында 2000 орындық мектеп;
  • Рысқұлов пен Әшімов көшелерінің қиылысында 2000 орындық мектеп;
  • Ақбұлақ шағын ауданында 1500 орындық мектеп;
  • Теректі шағын ауданында 2000 орындық мектеп;
  • Нұрлы дала шағын ауданында 1500 орындық мектеп;
  • Шұғыла шағын ауданында 2500 орындық мектеп;
  • №1 шағын ауданда 600 орындық мектеп;
  • Құрамыс шағын ауданында 1500 орындық мектеп;
  • Розыбакиев пен Левитан көшелерінің қиылысында 1500 орындық мектеп;
  • Егізбаев көшесінің бойында 2500 орындық мектеп;
  • Райымбек даңғылының бойында 1500 орындық мектеп.

Компания басшысы барлық мектептердің құрылыс алаңдарын аралап шықты. Бұл бірнеше ай бойы шешілмей келе жатқан маңызды мәселелерді біржақты етуге мүмкіндік берді.

Мәселен, Құрамыс шағын ауданында 1500 орындық мектеп салу кезінде мердігер электр бағаналарының құрылыс аумағына тым жақын орналасқанын анықтаған, бұл инженерлік желілерді тартуға кедергі келтіреді. Проблеманы қарастырып, талқылағаннан кейін құрылыс учаскесінің ауданын қысқарту туралы шешім қабылданды.

Бұдан бөлек жергілікті атқарушы органдар сыртқы инженерлік желілермен (су құбыры мен кәріз жүйесі) қамтамасыз ете алмай отыр. Бұған себеп – дәліздің тым тар болуы. Алайда, Мәулен Айманбетов аумақты қарап шыққаннан кейін, желілерді тартуға мүмкіндік бар екеніне көз жеткізді. Мұнымен ЖАО өкілдері де келісті.

Сондай-ақ, қаладағы құрылыс тығыздығы мен жер үйлердің көптігі салдарынан, мектептерді кең автотұрақтармен қамтамасыз ету мәселесі өткір тұр. Басқарма төрағасы Алматы әкімдігінің құрылыс, қалалық ұтқырлық, энергетика басқармалары және басқа да жауапты органдар басшылары мен мамандарының қатысуымен жұмыс кеңесін өткізді. Жергілікті атқарушы органдар тарапынан толық түсіністік пен қолдау бар, соның арқасында қаладағы барлық жайлы мектептер автотұрақтармен және төрт жақтан жолмен қамтамасыз етіледі.

28 наурыз күні сағат 19:00-де Алматы әкімдігінде қала басшысының орынбасары Әсем Нүсіпованың және жауапты басқармалар басшыларының қатысуымен кездесу өтті, онда жоғарыда аталған барлық мәселелерді шешу жолдары талқыланды.

Айманбетов қала тұрғындары тарапынан түнгі уақытта құрылыс жұмыстарына қатысты шағымдар мәселесін көтерді. Ол шаруаға қарқын қосу үшін мердігер ұйымдарға құрылысты 2-3 ауысымда ұйымдастыру тапсырылғанын түсіндірді. SKCN басшысы әкімдіктен тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, тәуліктік жұмыс пен уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарағандарын сұрады. Өйткені, сапалы құрылыс және алматылықтардың мүддесі үшін жайлы мектептерді уақтылы тапсыру.

Кеңес қорытындысы бойынша қойылған міндеттер мен қабылданған шешімдердің орындалуын бақылау үшін бірлескен хаттама жасалды.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: