Главная Новости Samruk-Kazyna Construction басшысы іссапармен Ақтөбе облысына барды
17 қыркүйек 2023, 21:21 1079

Samruk-Kazyna Construction басшысы іссапармен Ақтөбе облысына барды

Samruk-Kazyna Construction басшысы іссапармен Ақтөбе облысына барды

Samruk-Kazyna Construction Басқарма Төрағасы Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен барды. Мәулен Айманбетов өңірдің жаңа басшысы Асхат Шахаровпен кездесті. Аймақта «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру барысында туындаған мәселелерді талқылап, бірқатар проблемалық жер учаскелерін аралады.

Атап айтқанда, Ақтөбедегі «Батыс-2» тұрғын алабының №7 шағын ауданында 2000 орындық мектеп салынатын жер телімін ауыстыру туралы шешім қабылданды.. Бас мердігер «BI Global» ЖШС білім ошағын 2024 жылдың соңына дейін пайдалануға беруі тиіс. Өз кезегінде, ескі учаскеде ұлттық жобаның екінші кезеңінде сыйымдылығы аз шағын мектеп салу қарастырылып жатыр.

Дәл сол тұрғын алабында 900 орындық жайлы мектептің құрылысына бөлінген тағы бір учаске кеңейтіледі. Құрылысты «Antarium Group» ЖШС жүзеге асырады. Мектепті пайдалануға беру келесі жылдың соңына жоспарланған.

Сондай-ақ, өңір басшысы мен Басқарма Төрағасы Ақтөбе қаласының «Сазды» және «Бауырластар-3» тұрғын алаптарындағы учаскелерді аралады. Сапар нәтижесінде білім ошақтарына төрт жақтан еркін кіреберіс қамтамасыз ету үшін 300 және 600 орындық екі мектептің құрылысына бөлінген жер телімдерін өзгерту және кеңейту туралы шешім қабылданды. Мектептер келесі оқу жылының басына дейін тапсырылады.

Сонымен қатар, Темір ауданына қарасты Шұбарқұдық ауылындағы 600 орындық мектептің құрылысына кедергі келтіріп тұрған аумақтағы 1938 жылы салынған тозығы жеткен ғимаратты бұзу туралы шешім қабылданды. Жобаны «ҚазГидроСпас» ЖШС жүзеге асырады. Мектепті келесі жылы пайдалануға беру жоспарланған.

Сапар нәтижесінде барлық проблемалық мәселелер шешімін тапты. Өз кезегінде аймақ басшысы ұлттық жобаның өңірде іске асырылу барысын жеке бақылауына алатынын айтты.

«Іссапар барысында жобаны іске асыруды тежеп тұрған осал тұстарымыз анықталды. Ең алдымен, орталық пен өңірдегі мамандардың өзара тиімді байланыс орната алмауы әрі компаниямыздың жобалаушылары мен бас мердігерлер арасында үйлесімді жұмыстың болмауы. Біз барлық жер учаскелерін уақтылы, кідіріссіз құрылысқа дайындау үшін тиімді байланыс орнатып, нақты жұмыс істеуіміз керек»,- деп түйіндеді іссапарын Мәулен Айманбетов.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS
SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194) SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194)

Смотрите также

Видео Все видео
Фотоальбомы Все альбомы
Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: