Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Ақтау қаласының 19-шағын ауданында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында жаңа мектеп ашылды. Жаңа білім ордасы бір ауысымда 1200 орынға арналған. Қазіргі таңда мектепке 2100 оқушы қабылданып, оқу процесі басталды. Нысанның құрылысын «АС Құрылыс» серіктестігі жүзеге асырды.
Мектеп заманауи стандарттарға сай қажетті құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген. Білім ордасында робототехника, STEM, хореография, инклюзивті білім беру, сурет салу және қыш өнері кабинеттері жұмыс істейді. Сонымен қатар, мектепте кең жиын залы, екі спорт залы және заманауи кітапхана бар.
Мектептің ашылу салтанатында Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов лента қиып, жиналған қауымды құттықтады.
«ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында еліміздің барлық өңірлерінде білім ордалары бой көтеріп жатыр. Мысалы, Ақтау қаласында бір оқу жылында 5 мектеп пайдалануға беріліп отыр. Оның ішінде 3 білім ордасы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынды. Бұл іргелі жұмыстар мемлекет тарапынан өскелең ұрпақтың сапалы білім мен тәлім-тәрбие алуына барлық мүмкіндіктер жасалып отырғандығының айқын көрінісі деп айтуымызға болады. Ұстаздар мен оқушыларды жаңа мектептің ашылуымен құттықтаймын», - деді қала басшысы.

Президент қолдауымен заманауи білім беру орталықтары бүкіл Қазақстан бойынша ашылып, еліміздің әр өңірінде сапалы білім алуға тең мүмкіндіктер жасалуда. Жаңа мектептің ашылуы Ақтаудағы білім беру саласының дамуындағы тағы бір маңызды қадам ретінде бағаланып отыр.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
163
04 декабря 19:30
До 600 детей будут бесплатно получать реабилитацию в новом центре в Кызылорде
106
03 декабря 17:46
АлЭС ищет таланты: ярмарка вакансий в ALT Университете