Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Алматы қаласында жұмыс сапарымен болған Samruk-Kazyna Construction Басқарма Төрағасы Мәулен Айманбетов Алматы облысы бойынша өңірлік өкілдермен, жайлы мектептердің мердігерлерімен және жобалаушыларымен жұмыс отырысын өткізді. 26 мектептің құрылыс барысы сөз болды, әсіресе «Құрылысшы ТБС» ЖШС, «SHEBERBUILD» ЖШС және «Альтаир» ӨК жұмылдыру және құрылыс жұмыстарының төмен қарқыны талқыланды.
Мәулен Айманбетов оқу жылы басталғанға дейін мектептердің ең көп санын аяқтауды тапсырды, сондай-ақ құрылыс сапасы мәселесін ерекше бақылауда ұстауды жүктеді. Ол Алмалы ауылындағы мектеп бойынша «Құрылысшы ТБС» ЖШС мердігерге, сондай-ақ Қаражота ауылындағы нысан бойынша «Архипелаг» ЖШС жобалау ұйымына соңғы ескерту жасады. Егер олар жұмысқа қарқын қоспаса және жағдайды тез арада түзетпесе, онда бұл компаниялармен келісім біржақты тәртіппен бұзылады.
Күннің екінші жартысында Айманбетов облыс орталығы Қонаев қаласына келіп, Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевпен жеке кездесу өткізді. Бұдан әрі кеңейтілген құрамда аймақ басшысының орынбасары Нұржан Құдайбергеновтің, аудан әкімдерінің, облыстық басқарма басшыларының, сондай-ақ мердігерлер мен жобалаушылардың қатысуымен ауқымды жиын өтті.
Мектептердің құрылыс учаскелеріне сыртқы инженерлік желілерді тарту мәселесінде бүгінгі таңда 26 аумақтың 12-сі бойынша мердігерлер анықталып, инженерлік инфрақұрылымды жүргізу жұмыстары басталды. Тағы 9 жоба мемлекеттік сараптаманың қорытындысын алды. Әкімдік инженерлік желілер бойынша жұмыстар наурыз айында басталып, 1 тамызға дейін аяқталады деп сендірді. Осы мақсатта жергілікті бюджеттен 5,2 млрд теңге бөлінген.

Келесі жылға жоспарланған мектептерге жер учаскелерін дайындау жайы да пысықталды. Бүгінгі таңда Алматы облысының әкімдігі Samruk-Kazyna Construction компаниясына 10 жер телімін берген, тағы 15 учаске бойынша құжаттар рәсімделуде, ал қалған 2 бойынша жұмыс басталған.
Сондай-ақ, бөлінген учаске тектоникалық плиталар жарылған жерде орналасқандықтан, Қарасу ауылындағы 900 орындық мектеп құрылысын келесі жылға шегерук туралы шешім қабылданды.
Samruk-Kazyna Construction басшысы бекітілген жұмыс кестесін қатаң сақтауға шақырды. Әйтпесе, бұл жайлы мектептерді тапсыру мерзімдерінің бұзылуына әкеп соғады. ЖАО мен мердігерлердің барлық ұсыныстары мен ескертулері назарға алынды.
Жиын қорытындысы бойынша бірлескен хаттама жасалды, онда жұмыстар мен тапсырмаларды орындау бойынша барлық мерзімдер жазылды. Ұлттық жоба аясында үш жылдан аз уақыт ішінде Алматы облысында 53 жайлы мектеп салынады. 2023 жылы 26 мектептің құрылысы басталды, ал 2025 жылы тағы 27 мектеп пайдалануға беріледі.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
298
13 марта 17:18
Компании группы АО «Самрук-Қазына» удостоились ряда наград Казахстанской фондовой биржи