Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Samruk-Kazyna Construction орталық кеңсесінде «Ұйымда жобаларды тиімді басқару» тақырыбында маңызды семинар өтті. Іс-шараны «Проектная ПРАКТИКА» компаниялар тобының басқарушы серіктесі, бүкілресейлік «Жобалық Олимп» және «Жылдың үздік жобасы» байқауларының ассессоры, сондай-ақ ISO (TC258 Project Management) жобаларды басқару жөніндегі Халықаралық стандарттау ұйымының Ресей Федерациясындағы өкілі Михаил Дубовик жүргізді.
Семинар Samruk-Kazyna Construction басқарма төрағасы М. Айманбетовтың Project Management Team бастамасы аясында ұйымдастырылды. Бастама қызметкерлердің кәсіби құзыретін арттыруға және ірі құрылыс жобаларын басқару процестерін автоматтандыруға бағытталған. Семинар барысында қатысушылардың білімін жүйелеуге және жобаларды басқарудың заманауи әдістемелерін енгізуге ерекше назар аударылды.
Осы бастама аясында Басқарма төрағасы компанияның барлық бизнес-процестеріне цифрландыруды енгізуге, соның ішінде құрылыс үдерістерін барынша автоматтандыруға ерекше назар аударуда. Бұл бағытта e-qurylys жүйесі енгізіліп, «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасын іске асыру барысында BIM технологиялары қолданылуда.
Семинар екі бөлімнен тұрды, әрқайсысы үш сағатқа созылды. Бірінші бөлімге компанияның жоғарғы басшылары, ал екіншісіне құрылымдық бөлімшелер мен департаменттердің жетекшілері қатысты. Барлығы 29 қызметкер оқытылып, жобаларды басқарудың заманауи үрдістері мен олардың сәтті іске асырылуындағы басшылықтың рөлі туралы құнды білім алынды.
Семинар бағдарламасында келесі мәселелер қарастырылды:

Семинар барысында Михаил Дубовик нақты кейстер мен үздік тәжірибелерден мысалдар келтіре отырып, қатысушыларға жобаларды басқарудың жаңа қырларын ашып көрсетті.
«Біз бүгін компания үшін маңызды семинар өткіздік. Барлық қатысушыларға белсенділігі үшін шынайы алғысымды білдіремін. Samruk-Kazyna Construction басшылығымен жобалық менеджментті енгізу бойынша сенімді серіктестік құра алатынымызға сенімдімін», – деп атап өтті Михаил Дубовик.
Samruk-Kazyna Construction өз қызметінде жоғары жауапкершілік танытып, үздіксіз дамуға ұмтылып келеді. Мұндай семинарлар компанияның заманауи әдістемелерді енгізуге дайындығын және құрылыс нарығындағы ықпалын нығайтуға деген талпынысын көрсетеді.
«Мұндай семинарлар – бұл қызметкерлеріміздің кәсібилігін арттыруға арналған маңызды инвестиция ғана емес, сонымен қатар компанияның стратегиялық мақсаттарын жүзеге асырудағы шешуші қадам. Біз жобаларды басқарудың дамуына үлкен үміт артамыз. Алынған білім мен тәжірибе Samruk-Kazyna Construction жұмысының тиімділігін арттыруға және жаңа белестерге жетуге қажетті негізгі құралға айналады», – деді Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ғабит Малғаздаров.
Samruk-Kazyna Construction тұрақты даму, инновацияларды енгізу және стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу жолында өзінің мәртебесін одан әрі нығайтып келеді.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
174
04 декабря 19:30
До 600 детей будут бесплатно получать реабилитацию в новом центре в Кызылорде
106
03 декабря 17:46
АлЭС ищет таланты: ярмарка вакансий в ALT Университете