Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Компанияның бірінші басшысы Мәулен Айманбетовтың төрағалығымен «Samruk-Kazyna Construction» АҚ басқармасының бетпе-бет отырысы өтті.
Отырыста басқарма мүшелері «Алматы қаласында «Gul-Ana» тұрғын үй кешенін салу инвестициялық жобасын «іске асыру» кезеңіне өтуді мақұлдады. Осылайша, қоғам мен Алматы қаласының әкімдігі арасындағы өзара ынтымақтастық туралы қол қойылған меморандум аясында Алматы қаласының ескі тұрғын үйлерін реновациялау бағдарламасы бойынша бірінші жобаны іске асыру процесі басталды.
Қазіргі уақытта Алматы қаласында 1930-1975 жылдары салынған 1427 ескі екі қабатты үй бар. Тозығы жеткен тұрғын үйлерді жөндеу мәселесін шешу, ең алдымен, апатты үйлер тұрғындарының қауіпсіздігіне қатысты маңызды әлеуметтік мәселелердің бірі болып табылады. Осы бағдарлама бойынша салынған жаңа пәтерлер барлық қажетті заманауи инфрақұрылыммен және аумақты абаттандырумен қамтамасыз етіледі.
Отырыстың күн тәртібі аясында басқарма мүшелері «Нұр-Сұлтан қаласында талшықты цемент тақтасын өндіру зауытын салу» жобасының тұжырымдамасын мақұлдады. Қоғам «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-мен бірлесіп, құрылыс материалдарының импортын алмастыруға бағытталған аталмыш зауыттың құрылысына инвестициялауға ниетті. Бұл жоба ел аумағында талшықты цемент тақтасын шығаратын алғашқы зауыт екенін ерекше атап өткен жөн. «Астана – жаңа қала» АЭА аумағында орналастыру жоспарланып отырған зауытты іске қосу ел нарығы қажеттілігінің 30%-дан астамын жабуға мүмкіндік береді.

Талшықты цемент тақтасы – бұл синтетикалық талшығы бар жеңіл бетоннан тұратын заманауи, практикалық және экологиялық таза қаптау материалы. Бұл құрылыс материалы жеңілдік, аязға төзімділік, 50 жылға дейін қызмет ету мерзімі сияқты ерекше қасиеттері бар.
Отырыста сондай-ақ Қоғам қызметіне қатысты басқа да мәселелер қаралды.
134
27 апреля 12:01
Алатау Жарық Компаниясы: қауіпсіздік технологиялар бақылауында
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!