Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігі «Samruk-Kazyna Construction» компаниясына Түркияда 1200 орындық мектеп салуды ұсынды. Бұл туралы агенттік өкілдері Акционерлік қоғамның Басқарма Төрағасы Мәулен Айманбетовпен кездесу барысында мәлімдеді.
«KazAID» басшысы Аркен Арыстановтың айтуынша, биыл 16 наурызда Анкарада өткен Түркі мемлекеттері ұйымының кезектен тыс саммитінде Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылға дейін Түркияда заманауи оқу орнын салуды тапсырған. Әлеуметтік нысан Қазақстан халқынан көмек ретінде жер сілкінісінен зардап шеккен өңірлердің бірінде бой көтеруі тиіс. Қазақстандық халықаралық даму агенттігі аталған жобаның операторы ретінде бекітілсе, қаржыландыру «Самұрық-Қазына» қорына жүктелген.

Келіссөздер барысында Арыстанов Samruk-Kazyna Construction «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасын іске асырып жатқанын, оның шеңберінде бүкіл ел бойынша 3 жыл ішінде 369 заманауи білім ошағын салу жоспарланғанын тілге тиек етіп, Айманбетовқа осы тәжірибені бауырлас мемлекетте мектеп салу кезінде қолдануды ұсынды.
Өз кезегінде SK Сonstruction басшысы жоғары сенім үшін ризашылығын білдіріп, мұндай маңызды жобаға қатысуға дайын екенін мәлімдеді. Жақын арада «KazAID» және «Samruk-Kazyna Construction» тиісті жол картасын әзірлеуге кіріседі.

10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
120
08 декабря 15:39
Сотрудник АлЭС выиграл квартиру в финале проекта «Ең мықты»