Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Алматы облысының жаңа облыстық орталығын дамыту шеңберінде «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Қонаев қаласында тұрғын үй кешендерінің құрылысына инвестиция салды.
Қазіргі уақытта «Sun City» деп аталатын эконом-класты тұрғын үй кешенінің құрылысы жүріп жатыр. Жобаның бастамашысы – «KIK Qurylys» ЖШС және «JK Sun City» ЖШС атынан Консорциум. «Sun City» тұрғын үй кешені пәтерлерінің жалпы ауданы 23мың шаршы метрден асатын 12 қабатты үш үй салуды көздейді.
Биылғы қыркүйек айынан бастап құрылыс жұмыстары белсенді жүргізілуде. Атап айтқанда, құрылысшылар 1 және 2 блоктың іргетастарын орнату жұмыстарын аяқтады, қабырғалар мен жертөлендерді орнату жұмыстарын жүргізуде. 3 блок бойынша жер жұмыстары аяқталды, іргетас салу бойынша жұмыстар жүзеге асырылуда. Жоба аясында 360 пәтер қарастырылған, оларды пайдалануға беру 2023 жылдың VI тоқсанына жоспарланған.

2022 жылғы 19 қазанда Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қала жұртшылығымен кездесуде сөйлеген сөзінде өңірдің алдына теңгерімді аумақтық дамуға қол жеткізу міндетін қойды. Тұрғын үй тапшылығына, тозығы жеткен және апатты тұрғын үйлердің үлкен көлеміне ерекше назар аударды.
«Sun City» тұрғын үй кешені — «Samruk-Kazyna Construction» АҚ үшін Қонаев қаласының кешенді құрылысына қатысудың символдық бастамасы болды. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың мамыр айында Қоғам Қонаев қаласының Әкімдігімен меморандумға қол қойды, оның аясында ескі тұрғын үйлерді жаңарту бағдарламасы бойынша көпқабатты тұрғын үйлер салу жоспарлануда.

«Samruk-Kazyna Construction» жаңа құрылыс жобаларын іске асыру бойынша ынтымақтастық пен бірлескен жұмысқа ашық.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
164
22 апреля 12:27
Түркістан әуежайына арналған мұнай базасын «ҚазМұнайГаздың» еншілес компаниясы салады
171
21 апреля 16:30
Қарағандылық теміржолшы әлемдік ареналарға жол тартты