Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Самұрық-Қазына» Қорының баспасөз алаңында өткен брифингте «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының бас директоры Альфия Адиева 2022 жылдың бірінші жартысындағы жұмыс қорытындысымен таныстырды.
Әлеуметтік жобаларды дамыту қорының басшысының айтуынша, «Самұрық-Қазына» Қоры компанияларының атынан әрекет ететін «Samruk-Kazyna Trust» корпоративтік қоры білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет салаларын және бұқаралық спорт, әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту, халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау, өңірлерді кешенді өркендету бастамалары тұрғысында 32 әлеуметтік жобаны іске асырып, Қазақстан бойынша жарты миллионға жуық адамды қамтыды. Жобалар бюджеті 7,13 млрд теңгені құраған.
Қордың 2022 жылға арналған қайырымдылық бағдарламасы 10 миллиард теңгені құрайды. Оның ішінде бүгінде 3,86 млрд теңгенің 13 жобасы мақұлданды.

«Бұл тарапта біз қайырымдылық жобаларымыздың бюджеттерінің толық ашықтығын қамтамасыз ету үшін, бұған дейін жазғанымыздай, сайтымызды өзгертпекпіз. Жалпы, біз мұндай мағлұматты бұрыннан жариялап келеміз. Бірақ қазір өңірлер бойынша жобалар туралы егжей-тегжейлі жариялауды жоспарлап отырмыз. Бұл – сайттың әрбір келушісі қаражаттың қандай жобаларға кеткенін, қандай нәтиже шыққанын түсінуі үшін қажет», – деді Альфия Адиева.
Бұдан тыс, әлеуметтік жобаларды дамыту қоры «Самұрық-Қазына» АҚ Қоғамдық кеңесінің алдында жарты жыл сайын тұрақты есеп беруді де әдетке айналдырмақ. Оған депутаттар, Қазақстанның белгілі қоғам қайраткерлері кіреді. Таяуда қор Қоғамдық кеңес алдында алғашқы рет есеп беріп те үлгерді.

2023 жылдан бастап қайырымдылық жобаларын іске асыру кезінде олардың 30%-ында елдік жобаларға көңіл бөлінсе, ал 70%-ында «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялары бар өңірлердегі жергілікті жобалар мен әлеуметтік инвестициялар бағдарламаларына басымдық беріледі. Жобаларға байланысты қордың өзі бастама көтере алғаннан тыс, жергілікті үкіметтік емес ұйымдар да «Samruk-Kazyna Trust» қорына өтініммен шыға алады.
Брифингтің толық нұсқасы:
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
82
10 декабря 11:56
Білікті маман Дастан Жүнісұлының еңбек жолы