Главная Новости Samruk-Kazyna Trust медициналық пойыздары 80 мың қазақстандыққа көмек көрсетті
07 қараша 2022, 10:19 956

Samruk-Kazyna Trust медициналық пойыздары 80 мың қазақстандыққа көмек көрсетті

Samruk-Kazyna Trust медициналық пойыздары 80 мың қазақстандыққа көмек көрсетті

Мұндай мәлімет дәрігерлер, емделушілер, Samruk-Kazyna Trust қайырымдылық қоры және Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері қатысып жатқан «Самұрық-Қазына» Қорының бүгінгі баспасөз мәслихатында айтылды, деп хабарлады Samruk-Kazyna official.

Мамыр айының аяғынан қараша айының басына дейін «Жәрдем» және «Саламатты Қазақстан» медициналық пойыздары Қазақстанның 14 облысындағы шалғайдағы 147 станцияда болды.

Олардың түгел республика бойынша жүріп өткен жолының жалпы қашықтығы 22009 шақырымды құрады. Дәрігерлер 80 мыңнан астам адамға тегін көмек көрсетті, соның ішінде 21,9 мың бала тексеруден өтті. 5 мыңға жуық адамға жеңіл ота жасалды.

Медициналық пойыз бригадаларының құрамында жалпы тәжірибелік дәрігер, хирург, уролог, невропатолог, окулист, ЛОР дәрігері, акушер-гинеколог, маммолог, тіс дәрігері, психолог, дерматовенеролог болды.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: