Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Самұрық-Энерго» АҚ Көкшетауда жылу электр орталығын салады. Бұл туралы Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың «Көкшетау қаласында жылу электр орталығының құрылысы» жобасын жүзеге асыру мәселелері бойынша «Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасы Қайрат Мақсұтовпен кездесуінде айтылды.
Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, кездесуде тараптар жобаның техникалық-экономикалық негіздемесінің нәтижелерін талқылады және даму болашағы мен жаңа энергетикалық нысаның құрылысын ескере отырып, қаланы жылумен жабдықтаудың схемасын өзгерту қажеттігін айтты. Осы өңірдің электр мен жылу қуаттылығына тапшылығын жабу міндеті, талқылаудың негіздігі басымдылығы болды.
Өңір басшысы энергетикалық жобаның тұрғындардың жайлылығы үшін ғана емес, сонымен қатар өңір экологиясы үшін де маңыздылығын атап өтті.
«Жылдан жылға Көкшетау қаласы дамып келеді, тұрғын үй құрылысы қарқын аулда, көпқабатты үйлер, кәсіпорындар мен әлеуметтік нысандар салынған жаңа кварталдар пайда болуда. Қаланың қазіргі жылу қазандықтары өндіретін қуат жеткіліксіз. Жылу электр орталығының салынуы халықты ыстық сумен қамтамасыз етіп, электр қуатын үнемдеуге мүмкіндік береді», - деді Марат Ахметжанов.
«Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасы Қайрат Мақсұтов Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасында жасалған Меморандумды іске асыру мақсатында 2023 жылғы 26 желтоқсанда еліміздің үш қаласында үш жылу электр орталығын салу жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылғанын, соның бірі, Көкшетауда қарастырылып отырғанын атап өтті.
Кездесуде жобаны іске асырудың құқықтық, техникалық және қаржылық аспектілері егжей-тегжейлі пысықталды. Сонымен қатар болашақ жылу электр орталығын орналастыру, сондай-ақ қажетті жабдықтау инфрақұрылымы мәселелері талқыланды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар бірлескен жұмыс тобын құруға және осы жобаны жүзеге асыру жөніндегі жол картасын бекітуге уағдаласты.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
126
08 декабря 15:39
Сотрудник АлЭС выиграл квартиру в финале проекта «Ең мықты»